Ресми сайты

"Астана қаласының Қалалық орта сапасы
және бақылау басқармасы " ММ

ҚЖЖ басталуы туралы хабарландыру тәртібі

Құрылыс-монтаждық жұмыстардың басталуы туралы хабарламаларды беру тәртібі

        «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 68 бабы 12 тармағына сәйкес құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзу басталғанға дейiн тапсырыс берушi мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын органдарға "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы Заңында белгiленген тәртiппен құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асырудың басталғаны туралы хабар беруге мiндеттi.

Сонымен қатар, құрылыстық мақсаттарына арналған Астана қаласы әкімдігінің қаулысын немесе шешімін алғаннан кейін, құрылыс салушы ведомствоның аймағындағы сәулеттік бақылауды жүзеге асыратын органына хабарлау қажет. Өз кезегінде, хабарлауды беру тәртібі, мемлекеттік органдарының хабарлауларды қабылдау, сонымен қатар Қазақстан Ресспубликасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы    № 4 бекітілген хабарлаулардың қабылдануын жүзеге асыратын органдарын бекіту туралы қағидаларымен реттеледі.

Осы Қағидалар «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау тәртібін белгілейді.

Хабарламаны қағаз тасығышта берген кезде:

  • хабарлама тікелей қабылдайтын ұйымның лауазымды тұлғасына беріледі;
  • Заңның 46-бабының 5-тармағында белгіленген жағдайлар да қажетті құжаттар хабарламаға қоса беріледі;
  • қабылдайтын ұйымның лауазымды тұлғасы хабарламаны толтырудың толықтығын және Заңда белгіленген қажетті құжаттардың бар болуын тексереді;
  • қабылдайтын ұйымның лауазымды тұлғасы тұлғаның хабарлама беруге өкілеттігін (сенімхаттың болуы) тексереді;
  • қабылдайтын ұйымның лауазымды тұлғасы хабарламаны тексереді және оны қабылдау немесе қабылдамау туралы шешімді тікелей орнында және өтініш берушінің хабарлама берген сәтінде қабылдайды;

Хабарламаны электрондық нысанда жіберген кезде:
  • хабарлама рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органға жіберіледі;
  • Заңның 46-бабының 5-тармағында белгіленген жағдайларда қажетті құжаттар хабарламаға қоса беріледі.
  • Заңның 46-бабының 5-тармағына сәйкес хабарламада және (немесе) хабарламаға қоса берілетін құжаттарда қамтылған мәліметтердің анықтығы үшін өтініш беруші жауапты болады.
  • Заңның 46-бабының 4-тармағына сәйкесегер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгілен бесе, өтініш беруші тиіст хабарлама жіберілгеннен кейін қызметтін емесе белгілі біріс-қимылды жүзеге асыра алады немесе оларды тоқтата алады.

Хабарлама толық толтырылмағанда, осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес қажетті құжаттар ұсынылмағанда хабарлама қабылданбайды.
Өтініш беруші хабарламаны қабылдамаумен келіспеген жағдайда хабарламаны берген орында және сол күні осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушімен қабылдайтын ұйымның лауазымды тұлғасының арасындағы келіспеушіліктер актісі (бұда нәрі - акт) жасалады. Акт хабарламаның көшірмесімен қоса екі данада жасалады және оған өтініш берушімен қабылдайтын ұйымның лауазымды тұлғасы қолқояды.
Хабарламаның көшірмесімен қоса актінің бір данасы қабылдайтын ұйымда сақтауға қабылданады, ал актінің екінші данасы өтініш берушіде қалады және ҚазақстанРеспубликасының заңнамасында көзделген тәртіппен хабарламаның қабылданбағанына шағымдану үшін негіз болып табылады.
Жеке тұлғаның заңды мекен жайы, заңды тұлғаның орналасқан жері, хабарламада көрсетілген қызметті немесе іс-қимылды жүзеге асыру мекен жайы, сондай-ақ хабарламада толтыру үшін сол туралы ақпарат міндетті болып табылатын тіркеу деректері  өзгергені туралы хабарлама өзгеріс болған күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген тәртіппен беріледі.
Хабарлама электрондық немесе қағаз нысанда жіберіледі.
Қабылдайтын ұйымның лауазымды тұлғасы қағаз тасығыштағы хабарламаны қабылдаған жағдайда өтініш берушіге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы хабарламаны қабылдау туралы талон беріледі.
Қабылдайтын ұйым қабылдаған хабарламалар өтініш беруші хабарламаны берген күні соңғы қабылдаушыға жіберіледі.
Өтініш берушілердің өтініштері бойынша хабарламаны қабылдауды жүзеге асыратын мемлекетті коргандар өтініш берілген күннен бастапүш жұмыс күніішінде өтініш берушілерге рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізбесінен өтініш берушілердің жіберген хабарламалары туралы үзінді көшірмелер береді.

Құрылыс-монтаждық жұмыстардың (қайта жабдықтау) басталуы туралы хабарлау. Сілтеме.