«Аббатандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру және Астана қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету қағидалары туралы» Ережелерінің 9 тармағына және ҚР «Құрылыстық өндіріс. Кәсіпорындар, ғимараттар мен құрылымдардың құрылысын ұйымдастыру» 1.03-00-2011 ҚН сәйкес, нысанның құрылыстық алаңын, төмендегі талаптарының сақталуымен тиісті нормалар мен ережелерінің талаптарына сәйкес келу қажет:
1) құрылыс алаңы барлық периметрі бойынша бөтен тұлғалардың кіруіне жол бермейтін және іргелес жатқан аумақтарға қоқысты шығаруды болдырмайтын қоршаумен қоршалынады;
Адамдардың көптеп өтетін жерлерінде қоршауға жаппай қорғау қалқанын орнатуды қамтамасыз ету тиіс;
2) қоршауды металдан жасалған профильденген беттерден немесе қоршауға арналған темірбетон қабырғаларынан дайындалуы тиіс;
3) қоршаудың құрылымдары көлденең және тіке бағыттарда қатты түрде бекітіліп, реттелуі, сырлануы және мұнтаздай: кірден тазартылып, жуылып, ешбір ойықсыз, зақымдалған учаскесіз, бөтен хабарландыру мен жазуларсыз болуы тиіс;
4) қоршаудың биіктігі жер бедерінен үш метрден кем болмауы тиіс, төменгі бөлімінде саңылаулары болмауы тиіс;
5) қақпа немесе шлагбаумды орнатумен құрылыс алаңынан болмашы көшелеріне шығатын минималды жолдардың саны көзделеді;
6) шығатын жолдарда ақпараттық қалқандар орнатылады;
7) жарық бүкіл қоршау периметрі бойынша болуы керек, адамдар көптеп өтетін жерде жарық бүкіл қоршау периметрі бойынша екі жақтан түсуге тиіс;
8) құрылыс алаңдарына ішкі алаң жолдары мен кіреберіс жолдары бас құрылыс жоспарына сәйкес абаттандырылған және төсем болуы керек және асфальтталған қаланың өту жолдарына қосылуы қамтамасыз етілуі тиіс;
9) шығатын жолдарда көлік құралдарының дөңгелектерді жуу (тазалау) пункттері жабдықталады;
10) құрылыс алаңдарындағы аумақты тазалық пен тәртіпте ұстаудың, үстірттік және жер асты сулардың бұрылуын ұйымдастыруды жүзеге асыру бойынша іс-шаралар көзделеді;
11) құрылыс және тұрмыс қоқысын жинау мақсатында контейнерлер, жинаушы-бункерлер орнатылып, қоқысты уақытында шығаруды ұйымдастыру қажет; құрылыс алаңына іргелес жатқан аумақта ұқыпты түрде күтіліп, мезгілді жинастырылуы тиіс;