Ресми сайты

"Астана қаласының Қалалық орта сапасы
және бақылау басқармасы " ММ

Жылжымайтын мүлік инвесторлар ақша тарту үшін рұқсат беру тәртібі

Үлестік тұрғын үй құрылысын ұйымдастыру кезінде екінші деңгейдегі банктің жобаға қатысуы тәсілімен немесе тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың)қаңқасы тұрғызылғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру тәртібі

«Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы» ҚР Заңы

18-бап. Үлестік тұрғын үй құрылысын ұйымдастыру кезінде екінші деңгейдегі банктің жобаға қатысуы тәсілімен немесе тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) қаңқасы тұрғызылғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру тәртібі

1. Уәкілетті компания үлескерлердің ақшасын тартуды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсатының негізінде жүзеге асырады.

2. Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

3. Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат алу үшін құрылыс салушы және уәкілетті компания жергілікті атқарушы органға осы Заңның 9-бабының 1 және 3-тармақтарында және 10-бабының 1 және 3-тармақтарында көрсетілген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, өтініш жібереді.

4. Жергілікті атқарушы орган құрылыс салушыдан және уәкілетті компаниядан осы баптың 3-тармағында көрсетілген құжаттарды алған кезден бастап он жұмыс күні ішінде үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат не жазбаша уәжді бас тартуын жіберуге міндетті.

5. Құрылыс салушының және (немесе) уәкілетті компанияның осы Заңның 9-бабының 1 және 3-тармақтарында және 10-бабының 1 және 3-тармақтарында белгіленген бір немесе бірнеше талапқа сәйкес келмеуі жергілікті атқарушы органның үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беруден бас тартуы үшін негіз болып табылады.

6. Құрылыс салушы және уәкілетті компания үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беруден уәжді бас тартуға сот тәртібімен шағымдануға құқылы.

7. Құрылыс салушы және уәкілетті компания уәжді бас тартуда көрсетілген ескертулерді жойғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат алуға қайта жүгінуге құқылы.

8. Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсатты жергілікті атқарушы орган тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) пайдалануға беруге дейін оның құрылысының бүкіл кезеңіне береді.

9. Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсаттың қолданысын тоқтата тұру және одан айыру «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.


(1 Қосымша)

_______________________________

(жергілікті атқарушы органның атауы)

әкімі_________________________________

  (тегі, аты, әкесінің аты) (болған жағдайда) 

Үлескерлердің ақшасын тартуға

рұқсат беру туралы өтініш 

_____________________________________________________________________

 (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке тұлғаны

  куәландыратын құжаттың деректемелері, байланыс телефоны, заңды

  тұлғаның атынан әрекет ететін жеке тұлға – өтініш берушінің

  мекенжайы)

 _____________________________________________________________________

 (заңды тұлғаның атынан осы өтінішті беруге өтініш берушінің

  өкілеттіктерін растайтын,

 ______________ __________________________________________________________

 нотариалды немесе өзге жолмен куәландырылған құжатқа сілтеме)

 _____________________________________________________________________

 (өтініш берушінің жұмыс орны және лауазымы,

 _____________________________________________________________________

тұрғылықты жері, заңды мекенжайы)

(орналасқан жері, жер учаскесінің кадастрлық нөмірі)

бойынша орналасқан, ауданы ___________, __________ қабатты тұрғын үй

(тұрғын ғимарат) салу үшін үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат

беруіңізді сұраймыз.

  Жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес объектіні пайдалануға беру

мерзімі 20__ жылғы «___» _______.

  Өтініш берушілер мен осы өтінішті берген заңды тұлғаның бірінші

басшылары өтінішке қоса берілген құжаттардың шынайылығына, сондай-ақ

осы өтінішті қарауға байланысты сұрау салынатын ақпараттың жергілікті

атқарушы органға уақтылы ұсынылуына толық жауап береді.

  Қосымша (жіберілетін құжаттардың атауы жазылған тізілімді,

даналар санын және олардың әрқайсысының парақ санын көрсету керек):

___________________________________________________

(Құрылыс салушының қолы, күні)

 ________________________________________

  (Уәкілетті компанияның қолы, күні)



(2 қосымша)

Қажетті құжаттар тізімі

Екінші деңгейдегі банктің жобаға қатысуы тәсілімен 

тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру

1.  Құрылыс салушының республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы құрылыста жалпы алаңы кемінде он сегіз мың шаршы метр және басқа да әкімшілік-аумақтық бірліктердегі құрылыста кемінде тоғыз мың шаршы метр тұрғын үйлер (тұрғын ғимараттар) құрылысының объектілерін өткізу, оның ішінде тапсырыс беруші, мердігер (бас мердігер) ретінде жиынтығында кемінде үш жыл тәжірибесінің бар екендігін растайтын құжаттар (Пайдалануға беру актісінің көшірмесі);

2. Мемлекет берген уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен немесе меншік құқығымен тиесілі жер учаскесі;

3. Кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысымен тұрғын үй (тұрғын ғимарат) құрылысы жобасының жобалау-сметалық құжаттамасы.


Тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) қаңқасы тұрғызылғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту тәсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру

1.  Құрылыс салушы соңғы бес жыл бойы, оның ішінде тапсырыс беруші, мердігер (бас мердігер) ретінде республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы құрылыс кезінде жиынтығында жалпы алаңы кемінде алпыс мың шаршы метр және басқа да әкімшілік-аумақтық бірліктердегі құрылыс кезінде кемінде отыз мың шаршы метр тұрғын үйлерді (тұрғын ғимараттарды) Қазақстан Республикасының аумағында салу мен пайдалануға беруді растайтын құжаттар (пайдалануға беру актісі). Бұл ретте құрылыс салушының еншілес мекемелерінің жиынтық тәжірибесі ескеріледі;

2. мемлекет берген уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен немесе меншік құқығымен тиесілі жер учаскесі;

3.  кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысымен тұрғын үй (тұрғын ғимарат) құрылысы жобасының жобалау-сметалық құжаттамасы;

4. инжинирингтік компанияның есебімен расталған тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) қаңқасының аяқталған құрылысының болуы;

5. инжинирингтік компаниямен шарты болуы міндетті.


Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.