«Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» ММ Ресми сайты
Нашар көретiндер үшiн
Байланыстар:
8 (7172) 55-75-26, 55 75 39

5 вопросов ИЮЛЬ

5 вопросов ИЮЛЬ

17.08.2020

5  

1.                  БЖЗҚ-ның барлық салымшыларына инвестициялық табыс есептелетінін білемін. Карантиннің оған әсері қандай болды?

Кәсіпорындардың көпшілігі карантинге қарамастан жұмысын жалғастыруда, кейбіреулері қашықтықтан жұмыс істеу режимін жүзеге асырып, тиісінше, салымшылардың жеке зейнетақы шоттарын толықтыру жалғасуда. БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының сомасы қазіргі уақытта 12 триллион теңгеге жуықтады. Оған зейнетақы жарналары мен түскен қаражатты инвестициялаудан алынған инвестициялық табыс кіреді.

Жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) түсетін, есебін БЖЗҚ жүргізетін зейнетақы жарналарын зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушы - ҚР Ұлттық Банкі түрлі қаржы құралдарына инвестициялайды.

Тәуекелдерді азайту мақсатында инвестициялық портфель инвестициялау түрлері, бағыттары, оның ішінде валюталар бойынша әртараптандырылады. Қазіргі уақытта инвестициялардың шамамен 2/3 бөлігі теңгемен және 1/3 шетел валютасымен, соңғысының басым бөлігі АҚШ долларымен номиналданған.

Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы активтерін инвестициялау нәтижелеріне сәйкес күн сайын қайта есептеліп, қайта бағаланып отырады.

Инвестициялық табыстың құрамына бағалы қағаздар (салымдар және басқа операциялар) бойынша сыйақы, қаржы құралдарын нарықтық қайта бағалау, валюталық қайта бағалаудан түскен табыстар, сыртқы басқарудағы активтер бойынша кірістер және

т. б. кіреді.

Инвестициялық табыс – тұрақсыз шама және ол қысқа мерзім ішінде оң немесе теріс болуы мүмкін.

Мысал үшін салымшылар мен алушылардың шоттарына 2020 жылы есептелген инвестициялық табысты қарастыруға болады.

Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында, яғни 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 шілдесіне дейінгі уақыт ішінде салымшылар мен алушылардың шоттарына 543,3 млрд теңге мөлшерінде таза инвестициялық табыс есептелді.

Қаңтар айында таза инвестициялық табыс +28,15 млрд теңгені, ақпан айында +111,7 млрд теңгені, наурыз айында +521,8 млрд теңгені, сәуір айында – 125,6 млрд теңгені, мамыр айында 36,8 млрд теңгені, маусымда +44,05 млрд теңгені құрады.

2020 жылдың наурызынан бастап зейнетақы активтерінің инвестициялық табыстылығына теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамы әсерін тигізді.  

Наурыз-маусым аралығында АҚШ долларының теңгеге қатысты бағамы 1 АҚШ доллары үшін 381 теңгеден 403 теңгеге дейін өсті. Валюталық құралдарға орналастырылған зейнетақы активтерін оң валюталық қайта бағалау зейнетақы активтері бойынша таза инвестициялық табыстың елеулі өсуіне әсер етті.  

Зейнетақы жинақтары – бұл ұзақ мерзімді инвестициялар және инвестициялық табыс мөлшерін кем дегенде 1 (бір) жыл кезеңде талдаған дұрыс екендігіне назар аударамыз. Қысқа мерзімді деректер (күн сайынғы, ай сайынғы және т. б.) көрсеткіш бола алмайды, олар күнделікті нарықтық жағдайға тәуелді.

2013 жылдың қыркүйек айынан бастап 2020 жылдың мамыр айына дейін зейнетақы активтерін басқару кезеңінде Ұлттық банк қамтамасыз еткен инвестициялық табыс зейнетақы жинақтарының жалпы көлемінің 30% астамын немесе 3,8 трлн теңгені құрады.

           Инвестициялық басқару және зейнетақы активтерін есепке алудың барлық жүйесі айқын. Әрбір салымшы өзінің инвестициялық табысын enpf.kz сайтындағы немесе ұялы қосымшадағы жеке кабинеті арқылы бақылай алады. Олар БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және БЖЗҚ зейнетақы активтері орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат алу мүмкіндігіне ие.

           Бұл ақпарат БЖЗҚ-ның ресми сайтындағы (www.enpf.kz) «Көрсеткіштер/Инвестициялық қызмет» бөлімінде жарияланып отырады.

 

2.                  Мен еліміздің көп азаматтары сияқты жұмыссыз қалдым. Тиісінше, алимент төлеуге мүмкіндігім жоқ. Бұрынғы әйелім менің қарызымды зейнетақы жинақтарым есебінен сот арқылы өтетіп алатынын айтып, қоқан-лоқы көрсетуде. Олай етуі мүмкін бе?

Заңның 50-бабы 3-тармағына сәйкес салымшының (алушының), «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, кастодиан-банктің және инвестициялық портфельді басқарушының борыштары бойынша, оның ішінде аталған субъектілер таратылған және (немесе) банкрот болған жағдайларда міндетті зейнетақы жарналарына, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарына, өсімпұлдарға, зейнетақы активтері мен зейнетақы жинақтарына тыйым салуға немесе өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді.

Сонымен қатар «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 98-бабы 14-тармақшасына сәйкес, салымшының (алушының) борыштары бойынша зейнетақы жинақтарынан өндіріп алуға болмайды.

            Жоғарыда көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің ережелеріне сүйенетін болсақ, салымшының (алушының) БЖЗҚ-дағы міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарына тыйым салуға немесе өндіріп алуға жол берілмейді.

            Салымшыларға (алушыларға) БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері салымшылар (алушылар) ұсынған банктік деректемелерге, тиісінше, БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын салымшылар (алушылар) ұсынған банктік деректемелерге аударғаннан кейін жүзеге асырылып, ақша олардың Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде ашылған банктік шоттарында болады. БЖЗҚ міндеттемесі салымшының (алушының) банктік деректемелеріне ақша аударылғаннан кейін орындалды деп есептеледі.

 

3.                  Менің шағын Жеке Кәсіпкерлігім (ЖК) бар. Карантинге байланысты оның жұмысын тоқтата тұруға мәжбүр болдым. Тиісінше, осы кезең үшін салықты да төлей алмай отырмын. Бірақ зейнетақы жүйесіне қатысу өтілім тоқтамағанын қалаймын. Ол мүмкін бе?  

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабына сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды жүзеге асырады және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

Осы Заңның 4-бабына сәйкес Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін беру кезінде міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған кезең зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі ретінде есепке алынады.

«Салық салу мәселелері бойынша «Экономиканы одан әрі тұрақтандыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы №287 Жарлығын жүзеге асыру жөніндегі бұдан былайғы шаралар туралы» № 224 қаулыға сәйкес қызмет түрі бойынша 01.04.2020ж. бастап 01.10.2020ж. дейінгі кезеңде қызметкерлердің табыстарынан салықтар, жарналар мен аударымдардан босатуға жататын компаниялар анықталды. Осы жерде айта кеткен жөн, табысы болмаған кезеңде ЖК өз қызметкерлері үшін жарна аударуға құқылы, бірақ бұл олардың міндеті болып есептелмейді. Өз қызметкерлерінің табыстарынан алынатын міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерлемесіне «0» түзету коэффициенті қолданылған жағдайда қызметкерге жалақы одан міндетті зейнетақы жарналарын ұстамай аударылады (төленеді).

           Сонымен қатар Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 25 наурыздағы №109 бұйрығымен бекітілген «Төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің және халықтың жекелеген санаттарын азық-түлік және тұрмыстық жиынтығымен қамтамасыз ету қағидаларының» 24-5 тармағына сәйкес қызметі "0" коэффициенті қолданылатын қызмет түрлерінің тізбесінде көзделген адамдардың зейнетақы жүйесіне және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі, сондай-ақ табысы жұмыс берушінің анықтамалары негізінде ескеріледі.

          Базалық және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақыны зейнетақы жүйесіне қатысу өтілін ескере отырып есептеу мәселелері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» АҚ-қа хабарласуға кеңес береміз, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударылатын жарналар мен аударымдардың мөлшерлемесіне «0» түзету коэффициентін қолдануға қатысты мәселелер бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АҚ-қа, ал салық төлеу бойынша сұрақтарыңыз болса – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне жүгінгеніңіз абзал.

 

4.                  Карантин шаралары тоқтатылған соң Украина еліне барғымыз келеді, онда көмек пен күтімге зәру ерлі-зайыптылар, егде жастағы әке-шешеміз тұрады. Зейнетақы жинақтарын алу үшін не істеу қажет?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (Заң) сәйкес Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрғылықты тұратын жерге (ТТЖ) кетуге байланысты БЖЗҚ-дан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алу құқығына Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрғылықты тұратын жерге кеткен, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген кету дерегін растайтын құжаттарды ұсынған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар ие. Баса назар аударатын жәйт – басқа мемлекеттің азаматтығын алмас бұрын міндетті түрде заңнамамен белгіленген тәртіпте ҚР шегінен тыс ТТЖ-ға кету құжаттарын ресімдеп, тек өзге мемлекеттің азаматтығын алғаннан кейін ғана БЖЗҚ-ға құжаттар тапсыру керек.

Заңның 33-бабының ережелеріне сәйкес ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алу құқығына Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрғылықты тұратын жерге кететін немесе кеткен, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген кету ниетін немесе кету дерегін растайтын құжаттарды ұсынған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар ие.  

Осылайша шетел азаматы немесе азаматтығы жоқ тұлға ҚР заңнамасы талаптарына сәйкес құжаттар топтамасын толықтай ұсынғаннан кейін БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын төлеуді БЖЗҚ-ға құжаттар қабылданған не келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

Толық ақпарат enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» – «Алушыларға» – «ҚР шегінен тыс кетуге байланысты зейнетақы төлемдерін ресімдеу тәртібі» бөлімінде орналастырылған.

 

5.                  Менің әкем 2 топтағы мүгедек және жақында ол кісі 63 жасқа толады. Төлемдерді, соның ішінде БЖЗҚ-дан төлемдерді ресімдеу үшін қалай және қайда жүгінуге болады?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу құқығы белгілі бір жағдайларда, соның ішінде зейнет жасына (ерлер 63 жаста) толған, сондай-ақ мерзімсіз уақытқа 1 және 2 топ мүгедектігі тағайындалған кезде туындайды.

Егер сіздің әкеңіз БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін зейнеткерлік жасқа толуына байланысты ресімдейтін болса, оған «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына ХҚО арқылы өтінішпен жүгіну қажет. Осы өтініші бойынша ол кісіге зейнетақы жинақтарынан төлемдер де, мемлекеттік бюджеттен берілетін (базалық және ортақ) зейнетақы да тағайындалады. ХҚО-ға 63 жасқа толғанға дейін 10 күн бұрын хабарласуға болады.  

Егер әкеңіздің мүгедектігі мерзімсіз уақытқа тағайындалса және зейнетақы төлемдерін алуға байланысты өтінішті зейнеткерлік жасқа толғанға дейін беруді көздесеңіз, онда мұны enpf.kz сайтындағы «Электрондық қызметтер» – «Зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру» бөліміне кіру арқылы жүзеге асыруға болады.

 

1.                  Знаю, что всем вкладчикам ЕНПФ начисляется инвестиционный доход. Как на нем отразился карантин?

Несмотря на карантин, большинство предприятий работает, некоторые из них в дистанционном режиме, соответственно, индивидуальные пенсионные счета вкладчиков продолжают пополняться. Сумма пенсионных накоплений ЕНПФ на данный момент приблизилась к 12 триллионам тенге. Как известно, она включает в себя пенсионные взносы и инвестиционный доход от инвестирования поступивших средств.

Поступающие на индивидуальные пенсионные счета (ИПС) пенсионные взносы, учет которых ведет ЕНПФ, инвестируются доверительным управляющим пенсионными активами - Национальным Банком РК - в различные финансовые инструменты.

С целью минимизации рисков инвестиционный портфель диверсифицируется по видам, направлениям инвестирования, в том числе валютам. В настоящее время около 2/3 инвестиций номинированы в тенге и около 1/3 - в иностранную валюту, большая часть последних - в долларах США.

Сумма пенсионных накоплений вкладчиков (получателей) пересчитывается и переоценивается ежедневно в соответствии с результатами инвестирования пенсионных активов.

В состав инвестиционного дохода входят доходы в виде вознаграждения по ценным бумагам (вкладам и другим операциям), доходы в виде рыночной переоценки финансовых инструментов, доходы в виде валютной переоценки, доходы по активам, находящимся во внешнем управлении и т.д.

Инвестиционный доход является величиной непостоянной и может быть как положительным, так и отрицательным в краткосрочном периоде.

Для примера можно рассмотреть начисление инвестиционного дохода на счета вкладчиков и получателей в 2020 году.

За первое полугодие текущего года с 1 января по 1 июля 2020 года на счета вкладчиков был зачислен чистый инвестиционный доход в размере 543,3 млрд тенге.

За январь чистый инвестиционный доход составил +28,15 млрд тенге, за февраль +111,7 млрд тенге, за март +521,8 млрд. тенге, за апрель – 125,6 млрд. тенге, за май - 36,8, июнь + 44,05 млрд. тенге.

Начиная с марта 2020 года большое влияние на инвестиционную доходность пенсионных активов оказало изменение курса тенге к доллару США.

За период март-июнь произошло укрепление курса доллара США по отношению к тенге с 381 до 403 тенге за 1 доллар США. Положительная валютная переоценка пенсионных активов, размещенных в валютные инструменты, повлияла на существенное увеличение чистого инвестиционного дохода по пенсионным активам.

Вместе с тем обращаем внимание, что пенсионные накопления – это долгосрочные инвестиции и анализировать размер инвестиционного дохода целесообразно за период не менее 1 (одного) года. Краткосрочные данные (ежедневные, ежемесячные и т.д.) – не являются показательными, т.к. зависят от ежедневной рыночной конъюнктуры.

Инвестиционный доход, обеспеченный Национальным Банком за период управления пенсионными активами с сентября 2013 года по июнь 2020 года, составил более 30% в общем объеме пенсионных накоплений или 3,8 трлн тенге.

Вся система инвестиционного управления и учета пенсионных активов является прозрачной: каждый вкладчик имеет возможность видеть свой инвестиционный доход в личном кабинете на сайте enpf.kz или в мобильном приложении и вместе с тем получать информацию по инвестиционному управлению пенсионными активами ЕНПФ и о финансовых инструментах, в которые размещены пенсионные активы ЕНПФ, публикуется на официальном сайте ЕНПФ (www.enpf.kz) в разделе «Показатели/Инвестиционная деятельность».

 

2.                  В данное время я, как и многие наши граждане, остался без работы. Соответственно, мне не с чего платить алименты. Однако бывшая супруга грозится подать в суд на изъятие долга за счет моих пенсионных накоплений. Возможно ли это?

В соответствии с положениями пункта 3 статьи 50 Закона не допускается наложение ареста или обращение взысканий на обязательные пенсионные взносы, обязательные профессиональные пенсионные взносы, пени, пенсионные активы и пенсионные накопления по долгам вкладчика (получателя), НАО «Государственная корпорация «Правительство для граждан», ЕНПФ, банка-кастодиана и управляющего инвестиционным портфелем, в том числе в случаях ликвидации и (или) банкротства перечисленных субъектов.

Кроме того, согласно подпункту 14) статьи 98 Закона Республики Казахстан «Об исполнительном производстве и статусе судебных исполнителей», взыскание не может быть обращено на пенсионные накопления по долгам вкладчика (получателя).

            Таким образом, исходя из положений вышеуказанных нормативных правовых актов, не допускается наложение ареста или обращение взысканий на пенсионные накопления вкладчика (получателя), сформированные за счет обязательных пенсионных взносов и обязательных профессиональных пенсионные взносов, находящихся в ЕНПФ.

            Пенсионные выплаты из ЕНПФ вкладчикам (получателям) осуществляются на банковские реквизиты, представленные вкладчиками (получателями), соответственно, после перевода ЕНПФ пенсионных накоплений на представленные банковские реквизиты вкладчиков (получателей), деньги находятся на их банковских счетах, открытых в банках второго уровня Республики Казахстан. Обязательство ЕНПФ считается исполненным после перевода денег на банковские реквизиты вкладчика (получателя).  

 

3.                  У меня небольшое ИП. В связи с карантином я приостановил его работу, соответственно налоги за этот период не плачу. Но хотелось бы, чтобы шел пенсионный стаж. Возможно ли это?

В соответствии со статьей 34 Закона Республики Казахстан «О пенсионном обеспечении в Республике Казахстан» ЕНПФ осуществляет привлечение обязательных пенсионных взносов, обязательных профессиональных пенсионных взносов, добровольных пенсионных взносов и обеспечивает осуществление выплат пенсионных накоплений.

Необходимо отметить, что в соответствии со статьей 4 данного Закона периоды, за которые осуществлялись обязательные пенсионные взносы засчитываются в стаж участия в пенсионной системе при предоставлении государственной базовой пенсионной выплаты.

В соответствии с Постановлением №224 «О дальнейших мерах по реализации Указа Президента Республики Казахстан от 16 марта 2020 года № 287 «О дальнейших мерах по стабилизации экономики» по вопросам налогообложения» определены компании, которые по виду деятельности попали под освобождение от налогов, взносов и отчислений с доходов работников в период с 01.04.2020 по 01.10.2020г. Здесь следует отметить, что в период отсутствия доходов ИП вправе делать взносы за своих работников, но это не является их обязанностью. В случае применения поправочного коэффициента «0» к ставкам обязательных пенсионных взносов к доходам своих работников, работнику перечисляется (выплачивается) заработная плата без удержания с нее обязательных пенсионных взносов.

Между тем, в соответствии с пунктом 24-5 «Правил оказания некоторых государственных услуг в социально-трудовой сфере и порядка обеспечения продуктово-бытовым набором некоторых категорий населения на период чрезвычайного положения», утвержденных приказом Министра труда и социальной защиты населения РК от 25 марта 2020 года № 109 лицам, деятельность которых предусмотрена перечнем видов деятельности и применяется коэффициент «0», стаж участия в пенсионной системе и в системе обязательного социального страхования, а также доход учитываются на основании справок работодателя.

По вопросам же начисления трудовой, базовой пенсии с учетом стажа участия в пенсионной системе рекомендуем обратиться в НАО «Государственная корпорация «Правительство для граждан», по вопросам применения поправочного коэффициента «0» к ставкам взносов и отчислений на обязательное социальное медицинское страхование - в НАО "Фонд социального медицинского страхования", по вопросам уплаты налогов – в Комитет государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан.

 

4.                  После снятия карантина хотим выехать в Украину, где проживают пожилые родители супруги, нуждающиеся в помощи и уходе. Что нам необходимо сделать, чтобы получить пенсионные накопления?

Право на пенсионные выплаты из ЕНПФ в связи с выездом на постоянное место жительства (ПМЖ) за пределы Республики Казахстан за счет обязательных пенсионных взносов и обязательных профессиональных пенсионных взносов в соответствии Законом Республики Казахстан «О пенсионном обеспечении в Республике Казахстан» (Закон) имеют выехавшие на постоянное место жительства за пределы Республики Казахстан иностранцы и лица без гражданства, имеющие пенсионные накопления в ЕНПФ и представившие документы, определенные законодательством Республики Казахстан, подтверждающие факт выезда. Обращаем внимание на тот факт, что перед получением гражданства другого государства необходимо в обязательном порядке пройти процедуру оформления документов на выезд на ПМЖ за пределы РК в установленном законодательством порядке, получить гражданство другого государства и только потом предоставить документы в ЕНПФ.

За счет добровольных пенсионных взносов в соответствии с положениями статьи 33 Закона право на выплаты имеют выезжающие или выехавшие на постоянное место жительства за пределы РК иностранцы и лица без гражданства, имеющие пенсионные накопления в ЕНПФ и представившие документы, определенные законодательством РК, подтверждающие намерение или факт выезда.

Таким образом, после предоставления иностранным гражданином или лицом без гражданства полного пакета документов, соответствующего требованиям законодательства РК, ЕНПФ осуществляет выплату пенсионных накоплений в течение десяти рабочих дней со дня приема либо поступления в ЕНПФ документов.

Более подробная информация представлена на сайте enpf.kz в разделе «Услуги»-«Получателям»-«Порядок оформления пенсионных выплат в связи с выездом за пределы РК».

 

5.                  У моего отца инвалидность 2 группы и скоро ему исполняется 63 года. Как и куда мы можем обратиться за оформлением выплат, в том числе и из ЕНПФ?

Согласно Закону РК «О пенсионном обеспечении в Республике Казахстан», право на получение пенсионных выплат из ЕНПФ наступает при определенных условиях, в том числе при наступлении пенсионного возраста (у мужчин 63 года), а также в случае установления инвалидности 1 и 2 групп бессрочно.

Если Ваш отец будет оформлять пенсионные выплаты из ЕНПФ в связи с наступлением пенсионного возраста, ему необходимо обратиться с заявлением в Государственную корпорацию «Правительство для граждан» через ЦОН. По этому заявлению ему будут назначены и выплаты из пенсионных накоплений, и пенсия из государственного бюджета (базовая и солидарная). Обратиться в ЦОН можно за 10 дней до исполнения 63 лет.

В случае, если инвалидность Вашего отца установлена бессрочно, и Вы хотите подать заявление на получение пенсионных выплат до наступления пенсионного возраста, то сделать это возможно на сайте enpf.kz в разделе «Электронные сервисы» - «Подать заявление о назначении пенсионных выплат».

Тізімге қайта оралу