«Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» ММ Ресми сайты
Нашар көретiндер үшiн
Байланыстар:
8 (7172) 55-75-26, 55 75 39

«БЖЗҚ» АҚ виртуалды «Ашық есік күніне» шақырады

АО «ЕНПФ» приглашает на виртуальный «День открытых дверей»

19.08.2020

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2020 жылғы 27 тамызда «Ашық есік күнін» жаңа онлайн форматта өткізеді. Басты тақырып – «Алғашқы жарна – БЖЗҚ-ға қош келдіңіз».

2020 жылы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында автомат түзімде бір миллионнан астам жаңа жеке зейнетақы шоты ашылды. Көптеген салымшы үшін алдағы «Ашық есік күні» Қор қызметімен және Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесімен танысу үшін керемет мүмкіндік болғалы тұр.

Сонымен қатар БЖЗҚ мамандары зейнетақыны жоспарлау туралы, Қордың салымшылармен қарым-қатынас арналары, жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат алудың жедел тәсілдері туралы айтып береді, зейнетақы калькуляторы арқылы келешек зейнетақыны есептейді, сондай-ақ барлық қызықтыратын мәселе бойынша білікті кеңес береді.

«Ашық есік күнінің» 27 тамызда 1 сессиясы -10:00, 2 сессиясы -11:30, 3 сессиясы -14:30 онлайн платформада өтетінін еске саламыз. Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әрбір қатысушы сілтемесімен өту керек.

- 1 сессия 10:00 сағат : https://enpf.webex.com/enpf-ru/onstage/g.php?MTID=e8779ba56889840e326e2ed77e3692d1b;

- 2 сессия 11:30 сағат: https://enpf.webex.com/enpf-ru/onstage/g.php?MTID=ed9e80402684147e7dcf22ce966d4a671;

- 3 сессия 14:30 сағат: https://enpf.webex.com/enpf-ru/onstage/g.php?MTID=e00cef08cba427ed37f675154b9f03c66.

          Сонан соң event-жиналыс нөмірі 170 907 8270 мен event-жиналыс паролі: Zz1234 енгізіледі.

Тізімге қайта оралу