«Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» ММ Ресми сайты
Нашар көретiндер үшiн
Байланыстар:
8 (7172) 55-75-26, 55 75 39

БЖЗҚ өзекті сұрақтарға жауап береді.

ЕНПФ отвечает на актуальные вопросы.

17.08.2020

1. Сәлематсыз ба! Биыл 2 тамызда анам 59 жасқа толды, зейнетке шығуға ол қашан дайындалуы керек және біз алдымен қай жерге өтініш береміз?

 

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар тұлғалар, зейнет жасына жеткен кезде Қордан зейнетақы төлемдерін алуға құқылы, соның ішінде әйелдер төмендегідей жасқа толғанда:

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап - 58,5 жас;

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап– 59 жас;

         2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап - 59,5 жас;

         2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап - 60 жас;

         2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап - 60,5 жас;

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап - 61 жас;

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап - 61,5 жас;

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап - 62 жас;

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап - 62,5 жас;

2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап - 63 жас.

Биылғы жылдың 2 тамызында Сіздің анаңыздың 59 жасқа енді ғана толғанын ескере отырып, зейнет жасына жетуіне байланысты зейнетақы төлемдерінің, соның ішінде БЖЗҚ-дан берілетін төлемдерді алу құқығы ол кісіге тек 2021 жылы 60 жасқа толғанда ғана берілетінін хабарлаймыз.

Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін (1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтілі үшін), мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдері және БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін құжаттар жинағымен «Азаматтарға арналған Үкімет» (ХҚКО) Мемлекеттік корпорациясының бөлімшелеріне хабарласу керек.

Бюджет қаржысы және зейнетақы жинақтары есебінен төлемдер Мемлекеттік корпорация белгілеген зейнетақы төлемдері кестесіне сәйкес өтініште көрсетілген банк шотына бір күнде аударылады.    

 

2. Қайырлы күн. Біздің отбасымыз қайғыға душар болып, өгей әкем өмірден озды. Ол біздің асыраушымыз болғандықтан қазір тұрмыс тауқыметіне тап болып жатырмыз. Білгіміз келгені, анамыз екеуміз өгей әкеміздің жинақтарын ала аламыз ба?

        

           «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 11-бабының 1-3 тармақтарына сәйкес БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар тұлға немесе Қордағы жеке шотында зейнетақы жинақтары бар және зейнет жасына жетпеген тұлға қайтыс болған жағдайда, оның отбасына не жерлеуді жүзеге асырған тұлғаға республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 52,4 еселенген мөлшері шегінде, бірақ жеке зейнетақы шотында бар қаражаттан аспайтын мөлшерде жерлеуге арналған біржолғы төлем төленеді.

         Жерлеуге арналған біржолғы төлем жүзеге асырылғаннан кейін зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен аспайтын соманы құраған жағдайда, бұл қалдық жерлеуге арналған төлем ретінде төленеді.       

        Бұдан басқа «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңның 31 және 32 баптарында міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен БЖЗҚ-да зейнетақы төлемдері бар тұлға қайтыс болған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оның зейнетақы жинақтары мұраға қалдырылатындығы анықталған.      

        Төлем түрлеріне байланысты қажетті құжаттардың өзекті топтамасы, олардың Қорға ұсынылатын тәсілдері (жеке өтініш бергенде/пошта байланысы арқылы/үшінші тұлға), оларды тіркеуге қатысты талаптар, сондай- ақ, өтініштер бланктері мен төлем валютасының түрлеріне байланысты оларды толтыру, БЖЗҚ байланыстары мына сілтеме бойынша БЖЗҚ сайтында орналастырылған:www.enpf.kz.

      

          3. Қайырлы күн! Мен 2 топтағы (мерзімсіз) мүгедекпін, БЖЗҚ- дан ай сайын төлемдер аламын. Алайда маған қазір емделу үшін ақша соншалықты қажет, сондықтан барлық жинақтарымды бірден ала аламын ба?

 

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 30 және 31 баптарына сәйкес мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген бірінші және екінші топтағы жандар БЖЗҚ- дан (бар жағдайда) зейнетақы жинақтарын тек белгіленген кесте бойынша зейнетақы төлемдері түрінде алуға құқылы.

Егер жеке зейнетақы шотындағы қалдық ай сайынғы кезекті төлем жүзеге асырылғаннан кейін республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызынан аз болса, аталған қалдық кезекті төлем сомасымен бірге төленеді..

Егер зейнетақы жинақтарының сомасы алушы өтініш берген күні республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі зейнетақының он екі еселенген мөлшерінен аспайтын болса (2020 жылдың 1 сәуірінен бастап бұл сома 485 292 теңгені құрайды = 12 * 40 441) зейнетақы жинақтарын бір-ақ рет алуға болады.

БЖЗҚ-дан кесте бойынша берілетін зейнетақы төлемдері алушының өтініш берген күнінен бастап тағайындалып, зейнетақы жинақтары таусылғанға дейін төленетіндігіне назар аударғымыз келеді. Зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру Ережелерінде қарастырылған жағдаяттарды ескере отырып, БЖЗҚ белгіленген кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшерін қайта есептеуді жыл сайын дербес жүргізіп отырады.

Осы аталған жәйттарды ескере отырып, Сізге зейнетақы жинақтарының барлық сомасын біржола төлеуге БЖЗҚ-ның құқығы жоқ. Сондықтан зейнетақы төлемдері Сізге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіп пен мөлшерде ай сайынғы негізде төленіп отыратын болады.

 

4. Қайырлы күн, көршім Ауғаныстан елінің азаматы болып табылады және менің мейрамханама жұмысқа орналасқысы келеді. Қазақстан Республикасының азаматы болмағандықтан ол үшін мен зейнетақы жарналарын аудара аламын ба?

 

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңның 2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар егер заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей зейнетақымен қамсыздандыру құқығын пайдаланды. Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар жеке басын куәландыратын құжаттары бар болған жағдайда (шетелдік үшін – бұл Қазақстан Республикасында тұруға рұқсаты бар құжат, азаматтығы жоқ адамға – азаматтығы жоқ адамның куәлігі), Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру құқығына ие.

Егер шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасына өзгелей заңдық негізде келген жағдайда, онда олар Қазақстан Республикасына уақытша келгендер болып табылады және Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру құқығына ие болмайды, соның ішінде оларға БЖЗҚ-ға зейнетақы жарналарын аударуға тыйым салынады.

Осылайша Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу құқығына ие. Міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ)/ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісім-шарт жасасуды есепке алу үшін жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашуға орай өтініш беруге қатысты мәселеге тоқтала кетсек, 2019 жылдың қаңтар айынан бастап МЗЖ есепке алу үшін БЖЗҚ-да ЖЗШ ашу автоматты түрде жүзеге асырылады, сәйкесінше, оны ашу үшін жеке тұлғалардың Қорға келулерінің қажеті жоқ. Жеке тұлғаларда МЗЖ есепке алу үшін БЖЗҚ-да жеке зейнетақы шоттары болмаған жағдайда ол электронды төлем тапсырмасында көрсетілген жеке тұлғаның деректемелеріне БЖЗҚ-ға агент аударған, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамынан түскен МЗЖ алғашқы сомасы негізінде ашылады. Осыған байланысты жеке тұлғалардан БЖЗҚ-да МЗЖ есепке алу үшін ЖЗШ ашуға орай өтініш қазір талап етілмейді.

5. Қазақстанда цифрландыру туралы жиі айтылады және коранавирус індеті кезінде онлайн дамуына тереңірек тоқталу қажет. Ендеше бұл мәселе БЖЗҚ-да қалай жолға қойылған? Электрондық тәсілмен қызмет алатын адамдар қатары соншалықты көп пе?

 

Жаңа технологиялардың дамуы мен электрондық жүйелердің озық жұмыс істеуінің арқасында БЖЗҚ қызметтерінің 90% бүгінде онлайн пішімде көрсетіледі. Осылайша біздің салымшыларымыз (алушылар) өз денсаулықтарын қатерге байламай, қызметтердің тұтас спектрін үйден шықпай-ақ ала алады: ерікті зейнетақы жарналары есебінен өз пайдаларына зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісім-шартты жасасу; жеке зейнетақы шотынан (ЖЗШ) үзінді көшірмені қарау; электронды пошта арқылы өзіне ЖЗШ-нан үзінді көшірмені жіберу; зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісім-шарттың жекелеген деректемелеріне өзгерістер енгізу; мерзімсіз белгіленген 1 және 2 топтардағы мүгедектіктің тағайындалуына байланысты өтініш беру және өзге де қызметтер (қызметтердің толық тізімімен БЖЗҚ сайтында танысуға болады).

2020 жылдың 1 шілдесіне қарай БЖЗҚ салымшыларына 9,4 миллионнан астам қызмет көрсетілгенін атап кеткен жөн. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 2,7% жоғары. Барлық қызметтердің 91,4% (немесе 8 566 698 операция) электрондық пішімде жүргізілді. Өткен жылмен салыстырғанда онлайн пішімнің танымалдылығы 16,4% өсті.

Бұдан бөлек БЖЗҚ салымшылары қажетті кеңестерді 1418 нөмірі арқылы байланыс орталықтарында (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), сондай-ақ, www.enpf.kz корпоративном сайтында, +7 777 000 14 18 нөмірі арқылы WhatsАpp және Viber чат-боттарында және Instagram, Facebook, ВКонтакте, Twitter, Telegram, Одноклассники әлеуметтік желілеріндегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларынан ала алады.

 

 

Тізімге қайта оралу