«Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» ММ Ресми сайты
Нашар көретiндер үшiн
Байланыстар:
8 (7172) 55-75-26

БЖЗҚ салымшыларының шоттарына жыл басынан бері 871,9 млрд теңгеден аса таза инвестициялық табыс есептелді

На счета вкладчиков ЕНПФ начислено более 871,9 млрд тенге чистого инвестиционного дохода

11.12.2020

         2020 жылдың басынан бастап 1 қыркүйектегі жағдай бойынша БЖЗҚ салымшыларының шоттарына 871,9 млрд теңгеден аса таза инвестициялық табыс есептелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 443,1 млрд теңгеге артық. Ал 2019 жылдың 8 айындағы таза инвестициялық табыс 428,8 млрд теңгені құрағанын естеріңізге саламыз.

Зейнетақы активтерінің 8 айдағы табыстылығы 7,88% құрады, ал инфляция 4,6% болды. Жылдық (тамыз 2019 - тамыз 2020) табыстылық 10,1% көрсетсе, инфляция 7% құрады. Осылайша нақты табыстылық оң нәтиже көрсетті.

Егер одан ұзағырақ кезеңдерді қарастыратын болсақ, зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқарған 2014 жылдан бастап 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейінгі кезең ішіндегі табыстылық 83,2%-ға жетсе, инфляция 64,6% болды. Осылайша зейнетақы активтерінің нақты табыстылығы 18,6% асып түсті.   

Қазақстанда жинақтаушы зейнетақы жүйесі еңгізілген 1998 жылдан бастап 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейінгі таза инвестициялық табыс 5 трлн теңгеден асты. Осы уақыт ішіндегі инвестициялық табыстылықтың біртіндеп өсу нәтижесі 583,6% құрады. Бұл реттегі инфляция деңгейі біртіндеп өсу нәтижесімен 480,6% болды. Сөйтіп, зейнетақы активтерінің 2020 жылдың 1 қыркүйегіндегі нақты табыстылығы 103%-ды көрсетті.

Тізімге қайта оралу