«Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» ММ Ресми сайты
Нашар көретiндер үшiн
Байланыстар:
8 (7172) 55-75-26, 55 75 39

БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы жинақтары 11,8 триллион теңгеге жетті

Пенсионные накопления вкладчиков ЕНПФ достигли 11,8 триллионов тенге

17.08.2020

2020 жылдың 1 шілдесіне Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 11,8 триллион теңге сомасында зейнетақы жинақтары қалыптастырылды. 01.07.2019 жылдан 01.07.2020 жылға дейін сома шамамен 1,7 триллион теңгеге немесе 18% - ға өсті.

Зейнетақы жинақтарының негізгі сомасы міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасып, 11,5 трлн теңгені құрады (жыл басынан бергі өсім – 9%). Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы – 279,8 млрд теңге (өсім – 14%), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 2,1 млрд теңгеге жетті (өсім – 7 %).

Жыл басынан бері БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының саны 1 миллионнан астам бірлікке артты. Ағымдағы жылдың бірінші қаңтарында ЖЗШ саны 10 672 567 бірлікті құрады, ал 1 шілдеде бұл көрсеткіш 11,7 миллионға жетті (11 680 886). Осылайша, жыл басынан бергі өсім 9% болды.

Шоттардың көп бөлігі міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша ашылған, олардың саны он бір миллионнан асады, дәлірек айтсақ 11 107 952 шот (жыл басынан бергі өсім – 10%). Одан кейін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған шоттар – 517 422 (өсім – 1%), ерікті зейнетақы жарналарының (ЕЗЖ) да саны көбейіп келеді, БЖЗҚ-дағы мұндай шоттардың саны қазір 55 512 болды (өсім – 2%).   

2020 жылдың басынан бері салымшылардың шоттарына жалпы көлемі 525 млрд теңге зейнетақы жарналары аударылған, ол 2019 жылдың алғашқы 6 айындағы көрсеткіштен 60 млрд теңгеге немесе 13%-ға асып түсті. Жарналардың жалпы көлемінің 95,4 пайызын БЖЗҚ-ға МЗЖ бойынша аударылған 500 млрд теңге мөлшеріндегі түсімдер құрайды, 24 млрд теңгеге жуық аударым МКЗЖ бойынша жасалған, 216 миллион теңге ЕЗЖ бойынша аударылған.  

Төлемдер 82,2 млрд теңгені құрады, олардың басым бөлігі, атап айтқанда 37%-ы жасы бойынша төлемдер (30,2 млрд теңге), сақтандыру ұйымдарына аударымдар (19,2 млрд теңге), Қазақстан Республикасынан тыс ТТЖ кету (16,8 млрд теңге), мұрагерлерге (13,7 млрд теңге), жерлеуге (1,4 млрд теңге), мүгедектік бойынша төлемдер (0,8 млрд теңге).

            2020 жылдың басынан бастап 1 шілдедегі жағдай бойынша БЖЗҚ салымшыларының шоттарына 543,3 млрд.теңгеден астам таза инвестициялық табыс есептелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 285,8 млрд. теңгеге артық.

Тізімге қайта оралу