Ресми сайты

"Астана қаласының Қалалық орта сапасы
және бақылау басқармасы " ММ

Құжаттар тізімі

Лицензиялау:

Құрылыс-монтаж, жобалау және іздестіру жұмыстарына лицензия алу үшін белгіленген нұсқада (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а 2015 жылғы 27 наурыздағы №276 бұйрығы) өтінішті жолдау керек. Өтініштің жеңілдетілген күйде жіберілуі:

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкіметтің www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.                                                                          Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету мерзімдері:                               Мемлекеттік корпорацияға немесе порталға құжаттар топтамасы тапсырылған күннен бастап лицензия беру, заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару нысанында қайта ұйымдастыру және заңды тұлға-лицензиатты бөліну нысанында қайта ұйымдастыру кезінде және санат бере отырып қайта ресімдеу - 15 жұмыс күнін (құжаттар қабылданған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді); жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы немесе заңды мекенжайы, заңды тұлға-лицензиаттың атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген кезінде қайта ресімдеу - 3 жұмыс күнін (құжаттар қабылданған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) құрайды.

Лицензия алу үшін құжаттардың тізбесі:

  • Өтініш белгіленген нұсқада
  • Белгіленген мәліметтер нысаны
  • Құрылтай құжаттары
    • Тіркелу туралы куәлік
  • Лицензиялық алымы көшiрмесi;
    • лицензия беру үшін - 10 АЕК= 22 690 тг
    • лицензияның төлнұсқасын беру үшін - 10 АЕК= 22 690 тг;
    • лицензияны қайта ресімдеу үшін - 1 АЕК= 2 269 тг.

 

Төлеу деректемелері: БСК-105402, ТТК-911

Жобалық қызметіне арналған мәліметтің түрі мен өтініштің нұсқасы
Зерттеу қызметіне арналған мәліметтің түрі ен өтінішітің нұсқасы
Құрылыс-монтаждық жұмыстарына арналған мәліметтің түрі мен өтініштің нұсқасы