Сонымен қатар, құрылыстық мақсаттарына арналған Астана қаласы әкімдігінің қаулысын немесе шешімін алғаннан кейін, құрылыс салушы ведомствоның аймағындағы сәулеттік бақылауды жүзеге асыратын органына хабарлау қажет. Өз кезегінде, хабарлауды беру тәртібі, мемлекеттік органдарының хабарлауларды қабылдау, сонымен қатар Қазақстан Ресспубликасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бекітілген хабарлаулардың қабылдануын жүзеге асыратын органдарын бекіту туралы қағидаларымен реттеледі.
Осы Қағидалар «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау тәртібін белгілейді.
Хабарламаны қағаз тасығышта берген кезде:
Хабарлама толық толтырылмағанда, осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес қажетті құжаттар ұсынылмағанда хабарлама қабылданбайды.
Өтініш беруші хабарламаны қабылдамаумен келіспеген жағдайда хабарламаны берген орында және сол күні осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушімен қабылдайтын ұйымның лауазымды тұлғасының арасындағы келіспеушіліктер актісі (бұда нәрі - акт) жасалады. Акт хабарламаның көшірмесімен қоса екі данада жасалады және оған өтініш берушімен қабылдайтын ұйымның лауазымды тұлғасы қолқояды.
Хабарламаның көшірмесімен қоса актінің бір данасы қабылдайтын ұйымда сақтауға қабылданады, ал актінің екінші данасы өтініш берушіде қалады және ҚазақстанРеспубликасының заңнамасында көзделген тәртіппен хабарламаның қабылданбағанына шағымдану үшін негіз болып табылады.
Жеке тұлғаның заңды мекен жайы, заңды тұлғаның орналасқан жері, хабарламада көрсетілген қызметті немесе іс-қимылды жүзеге асыру мекен жайы, сондай-ақ хабарламада толтыру үшін сол туралы ақпарат міндетті болып табылатын тіркеу деректері өзгергені туралы хабарлама өзгеріс болған күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген тәртіппен беріледі.
Хабарлама электрондық немесе қағаз нысанда жіберіледі.
Қабылдайтын ұйымның лауазымды тұлғасы қағаз тасығыштағы хабарламаны қабылдаған жағдайда өтініш берушіге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы хабарламаны қабылдау туралы талон беріледі.
Қабылдайтын ұйым қабылдаған хабарламалар өтініш беруші хабарламаны берген күні соңғы қабылдаушыға жіберіледі.
Өтініш берушілердің өтініштері бойынша хабарламаны қабылдауды жүзеге асыратын мемлекетті коргандар өтініш берілген күннен бастапүш жұмыс күніішінде өтініш берушілерге рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізбесінен өтініш берушілердің жіберген хабарламалары туралы үзінді көшірмелер береді.
Құрылыс-монтаждық жұмыстардың (қайта жабдықтау) басталуы туралы хабарлау. Сілтеме.