Лицензиялау:
Құрылыс-монтаж, жобалау және іздестіру жұмыстарына лицензия алу үшін белгіленген нұсқада (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а 2015 жылғы 27 наурыздағы №276 бұйрығы) өтінішті жолдау керек. Өтініштің жеңілдетілген күйде жіберілуі:
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкіметтің www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету мерзімдері: Мемлекеттік корпорацияға немесе порталға құжаттар топтамасы тапсырылған күннен бастап лицензия беру, заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару нысанында қайта ұйымдастыру және заңды тұлға-лицензиатты бөліну нысанында қайта ұйымдастыру кезінде және санат бере отырып қайта ресімдеу - 15 жұмыс күнін (құжаттар қабылданған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді); жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы немесе заңды мекенжайы, заңды тұлға-лицензиаттың атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген кезінде қайта ресімдеу - 3 жұмыс күнін (құжаттар қабылданған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) құрайды.
Лицензия алу үшін құжаттардың тізбесі:
Төлеу деректемелері: БСК-105402, ТТК-911