Ресми сайты

"Астана қаласының Қалалық орта сапасы
және бақылау басқармасы " ММ

Жаңалықтар

11.09.2018

Бос лауазымының айналысуына арналған конкурс жариялайды


«Астана қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (010000, Астана қаласы, Достық көшесі, 13 үй, «Нурсая-2» ТК, анықтамаларға арналған телефон 8(7172) 70-32-90, 55-68-96, 55-69-15, сkkgs.astana.kz сайты, бос лауазымының айналысуына арналған конкурс жариялайды:

 

Астана қаласы әкімдігінің «Астана ветсервис» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - мекеме) директоры – 1 бірлік, лауазымдық еңбекақысы - 234 000            (екі жүз отыз төрт мың) теңге.

Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқа сипаттамасы: ветеринария саласындағы әлеуметтік-экономикалық міндеттердің шешілуі, ауыл шаруашылық жануарлардың сәйкестендіруін жүргізу, аса қауіпті және энзоотикалық ауруларға қарсы ветеринарлық іс-шараларын жүргізу, жануарлардың жасанды ұрықтандыру бойынша қызметтерді көрсету, жануарлардың аса қауіпті және энзоотикалық ауруларға қарсы ветиринарлық дәрі-дәрмектерді сақтау және тасымалдау (жеткізу) бойынша қызметтерді көрсету, сонымен қатар ауыл шаруашылық жануарлардың сәйкестендіруін жүргізу үшін ветеринарлық бағытындағы белгілер мен өнімдерді (қаражаттарды) тасымалдау (жеткізу), мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) сақтау, жергілікті орындаушы органдарымен салынған соғымдық алаңшалар, қаңғыма иттер мен мысықтарды жою, үй жануарларын тіркеу және чип белгісін салу.        

Лауазымдық міндеттемелері: өндірістік, шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметінің басшылығын жүзеге асырады, заңдылыққа сәйкес қабылданып отырған шешімдерінің зардаптары, мекеменің мүлкін нәтижелі пайдалануы мен сақталуы үшін жауапкершіліктің барлық толықтығын артады. Шарттарды жасап, сонымен басқа мәмілелерді жасайды, сенімхаттарды береді, банк шоттарын ашады. Ұйымды басқару құрылымын анықтайды, штаттық кестесін бекітеді, мекеме қызметінің ағымды және келешектегі жоспарлануын ұйымдастырады. Жануарлардың аса қауіпті, жұқпайтын және энзоотикалық ауруларға қарсы ветеринарлық іс-шараларды жүргізеді; ауыл шаруашылық жануарларды сәйкестендіру; қаңғыма иттер мен мысықтарды аулау және жою; ветеринарлық анықтаманы беру; ауыл шаруашылық жануарларды сәйкестендіру бойынша деректердің басзасын енгізу және одан алынған көшірменің берілуі; биологиялық материалының сынамаларын іріктеу мен оларды ветеринарлық зертханасына жеткізіп, сонымен қатар санитариялық соғымына арналған ауру жануарларды тасымалдау бойынша қызметтерді көрсетеді.   

Бөлінетін бюджеттік қаражаттардың, сонымен қатар қаржыландырудың басқа дереккөздерінен түсетін қаражаттардың тиімді пайдалануын қамтамасыз етеді. Жұмысқа қабылдауын, кадрларды таңдау және орналастыруын жүзеге асырады, қызметкерлердің лауазымдық міндеттемелерін анықтайды.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексін, Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексін, Қазақстан Республикасының Салық кодексін, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі туралы», «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңдарын, сонымен қатар жануарлық тегі бар өнімнің дайындалуын, сойылуы мен сақталуын жүзеге асырып отырған нысандарына қойылатын ветеринария, ветеринарлық – санитариялық саласындағы ережелер мен талаптар бойынша нормативтік-нұсқаулық және әдістемелік материалдарын, кәсіпорынның өндірістік қызметіне қатысты нормалар мен нұсқаулықтарын, ережелер мен басқа басқарушы құжаттарын білу қажет.

Ұйымның өндірістік-шаруашылық және қаржылық-экономикалық қызметіндегі бизнес-жоспарларын келісімге алу және әзірлеу тәртібін, ұйымды басқару және шаруашылықты жүргізудің қазіргі заманға сәйкес әдістемелерін, стратегиялық жоспарлануын білу тиіс. Бюджеттік өтінімдерін қалыптастыру әдісін, ШЖҚ РМК дамыту жоспарларын құру тиіс. Шаруашылық және қаржылық шарттарын жасау және қорытындының жасалу тәртібін білу, ұжымдық шарттар мен әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу, ішкі еңбек тәртібінің ережелерін, өрт қауіпсіздігінің талаптарын    білу қажет. 

Біліктілікке қатысты талаптар: жоғары білім: ветеринария (ветеринарлық медицина, ветеринарлық санитария), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару).

Жұмыстың жалпы еңбек өтілі 5 жылдан кем емес және басқарушы лауазымдарында 1 жылдан кем емес.

Кокурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) конкурсқа қтасыу туралы өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;

3) еркін нысанында айтылған өмірбаян;

4) білім туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек кітапшасының көшірмесі (оның бар болған кезінде) немесе еңбек шартының көшірмесі, жұмыстың соңғы орнынан алынған еңбек шартын тоқтату және қабылдау туралы бұйрықтарынан алынған үзінді көшірмесі;

6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген (№ 6697 мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерінің тіркелу Тізілімінде тіркелген) нұсқа бойынша денсаулықтың жағдайы туралы анықтама.

Көрсетілген құжаттардың жоқтығы, конкурсқа қатысушыларының құжаттарын қайтару үшін негізі болып табылады.  

Конкурстың қатысушысы білім, еңбек өтілі, кәсіби дайындығының деңгейіне (біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми дәрежесі мен дәрежесін меншіктеу, ғылыми жариялау, сонымен қатар бұрыңғы жұмыс орнынан және басқасынан алынған басшылықтың ұсыныстары) қатысты қосымша ақпаратын ұсынуға мүмкіндігі бар.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар, жергілікті кезеңдік  мерзімді баспа басылымдарындағы жарияланымның соңғы басылымдарының уақытынан бастап, 15 күнтізбелік күннің ішінде ұсынылу тиіс.

Құжаттар, Астана қаласы, Достық көшесі, 13 үй мекенжай бойынша орналасқан «Нурсая-2» ТК (кіру Нұржол көшесінің жағынан), 2 қабат,           219 кабинетінде қабылданады.

Конкурсқа жіберілген үміткерлер ««Астана қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінде         сұхбаттасуды өтеді.



Тізімге қайта оралу