«Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» ММ Ресми сайты
Нашар көретiндер үшiн
Байланыстар:
8 (7172) 55-75-26

Бос лауазымды толықтыруға конкурс жариялайды

Объявление о конкурсе на занятие вакантной должности

09.02.2021

«Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі, 13 үйі, «Нурсая 2» ТК, анықтамаларға арналған телефон: 8(7172) 55-01-62, бос лауазымды толықтыруға конкурс жариялайды.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Астана ветсервис» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) директорының орынбасары, 1 бірлік, лауазымдық еңбекақы 300 (үш жүз мың) теңге.

Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: ветеринария саласындағы әлеуметтік-экономикалық тапсырмаларды шешу, ауыл шаруашылығы жануарларының сәйкестендіруін жүргізу, аса қауіпті және энзоотиялық ауруларға қарсы ветеринариялық іс-шараларды жүргізу, жануарларды қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсету, жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық ауруларына қарсы ветеринариялық препараттарды тасымалдау (жеткізу), сақтау, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларының сәйкестендіруін жүргізуге арналған ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды тасымалдау (жеткізу) бойынша қызметтерді көрсету, жергілікті атқарушы органдарымен салынған мал қорымдарын (биотермиялық шұңқыр), мал сою алаңдарының аумағын қүту, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою, үй жануарларын тіркеу және чип салу.

Лауазымдық міндеттемелері: ветеринария бөлімі мен қараусыз қалған иттер мен мысықтарды аулау және ұстау бөлімінің жұмысын ұйымдастыру; кәсіпорынды дамытуды жоспарлауға, көрсетілетін қызметтердің қағидаларын сақтауға, ауыл шаруашылығы мен үй жануарларының дерекқорына енгізуді есепке алуға, кәсіпорын мамандарымен ветеринариялық анықтамаларды беруге, АЖС базасын жүргізуге, үй жануарларын сәйкестендіру базасын жүргізуге, үй жануарлары иелерінің ветеринариялық паспорттарын есепке алуға және беруге, эпизоотияға қарсы іс-шаралар жоспарын орындауға, ветеринариялық препараттарды сақтауға, пайдалануға және бос ыдысты жойюға, өндірістік базаның қауіпсіз болуына, инсинератордың жұмысына бақылауды жүзеге асырады; кәсіпорын жоспарын жүйелі түрде жүзеге асыру, еңбек тәртібін ұстану, еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, азаматтық қорғаныс ережелері мен нормаларын сақтау және кәсіпорын автокөлігінің техникалық жай-күйі бойынша жұмыстарын ұйымдастыру.

Мыналарды білу қажет: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңдары.

Ұйымның өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметінің бизнес-жоспарларын әзірлеу және келісу тәртібін, ұйымды басқару және шаруашылық жүргізудің қазіргі заманғы әдістерін, стратегиялық жоспарлауды білу. Бюджеттік өтінімдерді, даму жоспарларын құрастыра білу. Шаруашылық және қаржылық шарттарды, ұжымдық шарттарды жасау және орындау және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу тәртібін, ішкі еңбек тәртібінің қағидаларын, өрт қауіпсіздігінің талаптарын білу.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

ветеринария (ветеринариялық медицина және/немесе ветеринариялық санитария), әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (экономика және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару), құқық (құқықтану) салаларындағы жоғары білім және экономика саласы түріндегі мекеменің профиліне сәйкес келетін басшылық лауазымындарда бес жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Ветеринария саласындағы жалпы жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес, болу қажет.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;

3) еркін түрде жазылған өмібаян;

4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек кітапшасының (ол болған жағдайда) немесе еңбек шартының көшірмесі немесе соңғы жұмыс орнынан еңбек шартын қабылдау және тоқтату туралы бұйрықтардың көшірмесі;

6) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қайтару үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысушы біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтарды беру туралы құжаттардың, ғылыми жарияланымдардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнынан басшылықтың ұсынымдарын және т.б.) бере алады.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар жергілікті мерзімді баспа басылымдарымда хабарландырудың соңғы жарияланған уақытынан бастап 15 күнтізбелік күннің ішінде тапсырылуы тиіс.

Құжаттар мына мекенжай бойынша қабылданады: Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі, 13 үйі, «Нұрсая 2» ТК (бульвар жағынан кіру), 2 қабат, 201 іс бөлме, телефон: 8 707 717 75 57, электронная пошта: a.abdilda@astana.kz.

Конкурсқа жіберілген кандидаттар «Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінде әңгімелесуден өтеді.

 

Тізімге қайта оралу