Ресми сайты

"Астана қаласының Қалалық орта сапасы
және бақылау басқармасы " ММ

Жаңалықтар

18.09.2018

Ақпарат


Өндірістік жарақаттандыру деңгейінің, кәсіби аурулардың, өндірістегі өлімге әкелетін соқтырған жазатайым оқиғалардың төмендетілуіне, сонымен қатар еңбек қауіпсіздігі жағдайларының жақсаруына бағытталған «Қауіпсіз еңбек» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде, мемлекеттік инспекторларымен тұрақты негізде қаладағы кәсіпорындарының басшыларымен және еңбек ұжымдарымен түсіндірме жұмысы жүргізілуде.

Өндірістік жарақттануды алдын алу бойынша негізгі ұйымдастыру                    іс-шараларына, сондай-ақ еңбек қауіпсіздік талаптарының білімдерін тексеру және еңбекті қорғау бойынша оқытуына; қауіпсіз әдістер мен жұмыстардың орындалу қабылдауына; нұсқамалардың жүргізілуіне; жұмыс берушілердің біліктілігін арттыруына және т.б. назар аударылады.

Бүгінгі күні, Басқармамен өндірістегі жарақаттануға қауіпті жағдайды алдын алу болдырмау мақсатында, қауіпсіздік техникасы нормаларының сақталу қажеттілігі туралы әлеуіметтік бейнеролик әзірленіп, қаладағы LED-экрандарында көрсету үшін шығарылды. Көрермендердің аудиториясын көбейту мақсатында, бейнеролик әлеуметтік (Facebook, Instagram) желілеріне шығарылды.

Аталған жағдайда, түсіндіру жұмысының маңызы зор екенін байқаймыз. 2018 жылдың өткен кезеңінде қаланың өндірістік және құрылыс нысандарына еңбек заңдылығын түсіндіру шеңберіндегі өндірістік жарақаттануды төмендету мақсатында 94 астам алдын алу іс-шаралар жүргізілді.   

Мемлекеттік еңбек инспекторларымен, «Стройконструкция» АҚ,                     «ДС-Нойбург» ЖШС, «Меркурий и К» ЖШС, «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 15-жылдығының атындағы Кірпіш зауыты» ЖШС,               «Астана қаласының Халықаралық әуежайы» АҚ, «Астана Тазарту» ЖШС, «Экотон+» АҚ және басқа еңбек ұжымдарымен еңбекті қорғау және қауіпсіздік саласындағы құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша қаланың кәсіпорындарында кездесулер ұйымдастырылғанын ескеру қажет.

Осы бағытта жұмыс жалғасуда.




Тізімге қайта оралу