«Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» ММ Ресми сайты
Нашар көретiндер үшiн
Байланыстар:
8 (7172) 55-75-26

Мамандар желіде пайда болған ит аулау кезіндегі бейнежазба турасында ақпарат берді

Специалисты УКИКГС прокомментировали ситуацию в жилом массиве “Силикатный”

17.12.2019

Специалисты УКИКГС прокомментировали ситуацию в жилом массиве “Силикатный” «Силикатный» тұрғын үй аумағының тұрғындары тарапынын иесіз қалған иттерге байланысты шағымдарының көбеюіне байланысты 2019 жылдың 16 желтоқсанында қаңғыбас иттер мен мысықтарды ұстау және жою ережелерінің 7-тармағына сәйкес Серікбаев көшесіндегі аулауға қарсылық көрсеткен қаңғыбас итті «Астана Ветсервис» кәсіпорнының аулау тобы оған зиян тигізбей уақытша ұстау изоляторына жеткізу мақсатында иттің бұлшықеттерін босаңсытуға арналған белсенді зат салған. Атап өтейік, ереженің 8-тармағына сәйкес, байланған жануарларды қоспағанда, көшеде, аулаларда, иесі жоқ қаңырап жүрген және қараусыз қалған барлық жануарлар ауланады. Аталған ит байланбаған, қоршаудың сыртында болғаны расталған, сондай-ақ, аулау тобы оны ұстауға әрекет жасаған кезде, қоршаудың арасынан оңай өтіп, көзден жойылған. Instagram желісінде жарияланған бұл видео турасында кәсіпорын мамандарынан түсіндірме материалдар алынды. Байлаусыз жүрген иттің балалар мен ересектерге шабуыл жасау қаупін алдын алу мақсатында, аулау жөніндегі мамандар Ережеге сәйкес әрекет етуге мәжбүр болған.

Тізімге қайта оралу