«Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» ММ Ресми сайты
Нашар көретiндер үшiн
Байланыстар:
8 (7172) 55-75-26

Нұр-Сұлтандағы заңсыз салынған нысандар сүрілетін болады

Все незаконно построенные объекты в Нур-Султане будут демонтированы

12.12.2019

Все незаконно построенные объекты в Нур-Султане будут демонтированы Есіл аудандық сотының шешімімен Нұр-Сұлтандағы заңсыз бой көтерген нисандар сүрілуде, деп хабарлайды "Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы" ММ-нің ресми сайты. Заңсыз салынған ғимараттарды сүру ісі бойынша Шұбар тұрғын үй алабындағы Құлынды көшесіндегі 3 үйде тиісті жұмыстар жүргізілуде. "Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы" ММ басшысы Төлеген Құлышевтың айтуынша, 2017 жылдың 20 маусымда аталған ғимарат иесіне функционалды мақсатын өзгертпей, тұрғын үйді қайта құру туралы шешім қабылданған. Алайда, ғимарат иесі сәулет, қала құрылысы және, қолданыстағы тұрғын үйді бұзып, өз еркімен төрт қабатты жаңа үйдің құрылысын бастайды. Бұл әрекеті үшін құқықбұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, анықталған ескертулерді жою туралы бұйрық шығарылады. "Ғимарат иесіне бірнеше рет сот орындаушылары тарапынан ескертулер берілді, алайда нысан қожайыны сот қаулысын орындаған жоқ. 1000 кВ метр алаңын толық жабатын 4 қабатты комерциялық мақсаттағы үйді заңсыз әрі құрылыс қызметі саласындағы стандарттарды ескермей көтермек болған. Аталған ғимаратты сүру арқылы Нұр-Сұлтандағы заңсыз салынған барлық нысандардың сүрілетіндігін хабарлаймыз ", - деді Т. Құлышев. Қазіргі таңда сот шешімін орындау және азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмеу мақсатында нысанды бұзу жұмыстары басталды. Сүру жұмысы бір ай бойы жүргізіледі.

Тізімге қайта оралу