«Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» ММ Ресми сайты
Нашар көретiндер үшiн
Байланыстар:
8 (7172) 55-75-26

Соңғы 3 жыл ішінде елордадағы пайдаланылмаған 76 жер учаскесі мемлекетке қайтарылды

За что изымают земельные участки в Нур-Султане

17.10.2019

За что изымают земельные участки в Нур-Султане ҚР Жер кодексінің 92-94-баптарының нормаларына сәйкес, құрылысқа арналған жер берілген күннен бастап 3 жыл ішінде мақсатқа сай пайдаланылмаса, аталған жер учаскесі мәжбүрлі түрде мемлекетке қайтарылады. Осы ретте соңғы 3 жыл ішінде елордадағы 1,4 мың гектарды құрайтын 76 жер учаскесі кері алынған. Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына сілтеме жасап. Қазіргі уақытта 904 гектар болатын аумақтағы 250 жер учаскесіне мониторинг жүргізілуде. Оның 492 гектары (192 учаске) коммерциялық мақсатта болса, 475 гектары – (58 учаске) ауылшаруашылық бағытында пайдаланылуға тиіс жер. Қабылданған шаралар нәтижесінде 104 гектар ауданда 27 учаскеде игеру жұмыстары жүріп жатқан көрінеді. Ал 722 гектар, яғни 179 учаскеге нұсқамалар беріліпті. Сол сияқты 2 гектар болатын 2 жер учаскесін мемлекетке қайтару жөнінде сот ісі жүріп жатса, 77 гектарды құрайтын 41 учаскеде тексеріс жұмыстары жүргізілуде. Бұдан бөлек, ағымдағы жылы сот шешімі бойынша жалпы ауданы 884 гектар болатын пайдаланылмай жатқан жер учаскелері мәжбүрлі түрде кері алынған. Жалпы, жер инспекциясының негізгі міндеті – меншік иелерін өз жерлерін нысаналы мақсат бойынша пайдалануға ынталандыру. Бұл тұрғыда бір жарым жыл ішінде қабылданған шаралардың нәтижесінде 972 гектар аудандағы 62 учаскенің иелері жерлерін пайдалануға кіріскен. Осы орайда құзырлы органдар барлық жер учаскелерінің иелерін өздерінің қожалықтағы жерлерін нысаналы мақсатқа сай пайдалануға шақырады.

Тізімге қайта оралу