«Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» ММ Ресми сайты
Нашар көретiндер үшiн
Байланыстар:
8 (7172) 55-75-26, 55 75 39

Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2020-2022 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын бекіту туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 301 н/қ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы (ІІ нақтылау)

11.06.2020

«Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық

орта сапасы және бақылау басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің 2020-2022 жылдарға

арналған бюджеттік бағдарламаларын бекіту

туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 301 н/қ

бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 32-бабына, «Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 195 бұйрығына, «Нұр-Сұлтан   қаласының   2020-2022   жылдарға   арналған   бюджеті туралы»   Нұр-Сұлтан   қаласы   мәслихатының   2019   жылғы   12   желтоқсандағы №456/58-VI   шешіміне   өзгерістер   енгізу   туралы»   Нұр-Сұлтан   қаласы мәслихатының   2020   жылғы   29   мамырдағы   №492/65-VI шешіміне                 сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1.       «Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Басқарма) 2020-2022 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын бекіту туралы» (бұдан әрі – Бюджеттік бағдарламалар) 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 301 н/қ бұйрығына келесі өзгерістер енгізілсін:

3 - қосымша осы бұйрықтың 1 - қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2.       Енгізілген өзгерістер бекітілсін.

3.       Бюджеттік бағдарламалардың 3 күнтізбелік күн ішінде Басқарманың веб-сайтында, сондай-ақ «Электронды Үкіметтің» веб-порталында орналастыруы қамтамасыз етілсін.

4.       Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Басқарма басшысының орынбасары Д.Б. Доскуловқа жүктелсін.

5.       Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

        

 

 

Қосымша 1

 

«Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы»

мемлекеттік мекемесі басшысының                         2020 жылғы "___" _________ № ____

бұйрығымен бекітілген

 

Қосымша 3

__________ бұйрыққа

____________ 20____ жылғы

 

 

БЮДЖЕТТІК БАҒДАРЛАМА

3370001 «Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» ММ

2020 – 2022 жылдарға арналған

Бюджеттiк бағдарламаның коды және атауы 005 «Халықтың тыныс-тіршілігін және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, коммуналдық кәсіпорындармен және ұйымдармен халықтың өзара іс-қимылын ұйымдастыру жөніндегі қызметтер»

Бюджеттiк бағдарламаның басшысы: Д. Доскулов – «Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары

Бюджеттiк бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Бюджеттік кодексі;

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі № 296-III «Қазақстан                                  Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Заңы;

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы»                     Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі 242-ІІ Заңы;

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы №540 «Бюджетті орындау және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы;

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» №148 Заңы;

«Нұр-Сұлтан   қаласының 2020-2022   жылдарға   арналған   бюджеті туралы»   Нұр-Сұлтан   қаласы   мәслихатының   2019   жылғы   12   желтоқсандағы № 456/58-VI   шешіміне   өзгерістер   енгізу   туралы»   Нұр-Сұлтан   қаласы мәслихатының   2020   жылғы   29   мамырдағы № 492/65-VI шешімі.

Бюджеттiк бағдарламаның түрі:

мемлекеттік басқару деңгейіне қарай: облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың

мазмұнына қарай: Мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыру және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету

іске асыру түріне қарай Жеке

ағымдағы/даму Ағымдағы

Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты тыныс-тіршілік және тіршілікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша тұрғындармен өзара іс-қимылды ұйымдастыру, бейнебақылау арқылы тіршілікті қамтамасыз етуге және тыныс-тіршілікке мониторинг жүргізу

Бюджеттiк бағдарламаның түпкілікті нәтижелері Халықтың тыныс-тіршілігін және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, коммуналдық кәсіпорындармен және ұйымдармен халықтың өзара іс-қимылын ұйымдастыру жөніндегі қызметтер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтінімдерін 100% орындау.

Бюджеттiк бағдарламаның сипаттамасы (негіздемесі): халықтың тыныс-тіршілігін және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, коммуналдық кәсіпорындармен және ұйымдармен халықтың өзара іс-қимылын ұйымдастыру жөніндегі қызметтер бағдарламасын жергілікті бюджет есебінен іске асыру

 

Бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар, барлығы

Тікелей нәтиже көрсеткіштері

Өлшем бірлігі

Есепті жыл

2018 жыл

Ағымдағы жыл жоспары 2019 жыл

Жоспарлы кезең

2020 жыл

2021 жыл

2022 жыл

1

2

3

4

5

6

7

Өтініштерді қабылдау және орындалуына мониторинг жасау бойынша көрсетілетін қызметтердің жалпы саны

қызмет

10

11

11

11

11

Жергілікті бюджет қаражатынан

мың теңге

810 748,0

1 097 611,0

1 397 059,0

1341676,0

1341676,0

Жалпы бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар

мың теңге

810 748,0

1 097 611,0

1 397 059,0

1341676,0

1341676,0

 

   

 

 

 

 

 

 

 

 


Тізімге қайта оралу