«Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» ММ Ресми сайты
Нашар көретiндер үшiн
Байланыстар:
8 (7172) 55-75-26, 55 75 39

Басқарма туралы ережелер

Басқарма туралы ережелер

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің

2020 жылғы«___» _______

№ __________қаулысына

8-қосымша

 

 

«Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы»

мемлекеттік мекемесі туралы ереже

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. «Нұр-Сұлтан қаласының қалалық орта сапасын және бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау саласында мемлекеттік бақылауды, еңбек, жерді пайдалану және қорғау, ауыл шаруашылығы және ветеринария саласында мемлекеттік басқару функцияларын орындауды; берілген құзыреті шеңберінде астананың азаматтық қорғау, тыныс-тіршілік және тіршілікті қамтамасыз ету саласындағы қызметті ұйымдастыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. «Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесіөз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Еңбек, Жер, Кәсіпкерлік кодекстеріне,Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы»,  «Азаматтық қорғау туралы», «Ветеринария туралы», «Өсімдіктерді қорғау туралы», «Өсімдіктер карантині туралы», «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  3. «Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбасы, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  4. «Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  5. «Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  6. «Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен «Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  7. «Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
  8. «Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, «Есіл» ауданы, Достық көшесі,№ 13.
  9. Мемлекеттік мекеменің толық атауы – «Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
  10. Осы Ереже «Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
  11. «Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру Нұр-Сұлтан қаласының жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
  12. «Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында«Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінекәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

           Егер «Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамалық актілермен табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осы қызметтен алынған табыс мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

  1. «Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. «Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

1) ведомстволық бағынысты аумақта, сондай-ақ тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асырған кезде азаматтардың заңды құқықтарының бұзылуының алдын алу;

2)Нұр-Сұлтан қаласы жерлерінің пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды барынша тиімді жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау бойынша мемлекеттік саясатты дамыту және жетілдіру;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

4) Нұр-Сұлтан қаласының аумағында ауыл шаруашылығы, ветеринариялық бақылау және қадағалау саласындағы мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес агроөнеркәсіптік кешен және ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

  1. Міндеттер:

         1) Нұр-Сұлтан қаласының аумағында салынып жатқан объектілерге мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;

         2) Нұр-Сұлтан қаласының аумағында лицензиялауды, аттестаттауды және аккредиттеуді жүзеге асыру;

3) Нұр-Сұлтан қаласының жер ресурстарын тиімді әрі ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекте және тәртіппен жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

4) жұмыстардың учаскелерін тексеру, қалалық аумақты ашу бойынша бұзылған абаттандырудың қалпына келтірілуін бақылауды жүзеге асыру;

5) гендерлік отбасылық-демографиялық саясатты іске асыру;

6) қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және жоғарылату кезінде гендерлік теңгерім нормаларын сақтау;

7) еңбек, ветеринария, өсімдіктерді қорғау, тұқым өсіру саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;

8) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық  инспекция;

         9) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының нормаларын сақтау.

  1. Функциялар:

         1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, сондай-ақ тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдармен өзара әрекет ету;

         2) салынып жатқан объектілерде олардың салыну сапасына, Қазақстан Республикасының аумағында қолданыстағы мемлекеттік, сондай-ақ мемлекетаралық нормативтердің сақталуына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауды жүзеге асыру;

         3) жеке және заңды тұлғалардыңжобалау-іздестіру, сараптамалық, құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындауына бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;

         4) объектілерде құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасын қамтамасыз ету бойынша тапсырыс берушілердің техникалық қадағалау, авторлық қадағалау, жобаларды әзірлеушілердің және мердігерлердің (бас мердігерлердің) қадағалау қызметіне бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

         5) құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы туралы хабарламада көрсетілген деректердің дұрыстығын белгілеу бойынша тексеріс жүргізу; 

         6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нормативтік құқықтық актілерді және сәулет-құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтік талаптарды бұзушыларға тиісті шаралар қолдану; 

         7) құрылыс-монтаждау жұмыстарының бастағандығы,қол қойылған келіспеушілік актілерге, хабарламаларды қабылдау туралы, берілген талондар туралы келіп түскен хабарламаларға талдау және есеп жүргізу;

         8)  салынып (реконструкцияланып, кеңейтіліп, жаңғыртылып, күрделі жөндеуден өткізіліп) жатқан объектілердің сапасын бақылау;

         9) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы лицензиар функцияларын жүзеге асыру;

         10) лицензия және лицензияға қосымша берген кезде өтініш берушінің біліктілік талаптарға сәйкестігін анықтау;

         11) лицензиялық бақылауды жүзеге асыру, оның ішінде тексерудің нәтижесі бойынша лицензиялау нормаларын бұзушыларға тиісті шаралар қолдану;

         12) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарды және инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыру құқығына сарапшыларды аттестаттау жөніндегі функцияларды жүзеге асыру;

         13) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптамалық жұмыстарды және инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау жөніндегі ұйымдастырушылық іс-шараларын жүргізу;

14) жүргізілген тексерістердің нәтижесі бойынша әкімшілік жазалауды қолдану туралы қаулы шығару;

15) мыналарға:

мемлекеттік органдардың, кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдар мен азаматтардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасын, жер учаскелерін нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланудың белгіленген режимін сақтауына;

жер учаскелерін өз бетінше иеленіп алуға жол бермеуге;

жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтарының сақталуына;

 жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың топырақтың құнарлылығын қайта қалпына келтіру және сақтау жөніндегі ұйымдастыру-шаруашылық, агротехникалық, орман мелиорациялық және эрозияға қарсы гидротехникалық іс-шаралар кешенін уақтылы және дұрыс жүргізуіне;

 жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылардың жердің бар-жоғы, олардың жай-күйі мен пайдаланылуы туралы мәліметтерді мемлекеттік органдарға уақтылы беруіне;

жердің жай-күйіне әсер ететін тұрғын үй және өндірістік объектілердің жобалануына, орналастырылуына және салынуына;

жерді жақсарту жөніндегі, топырақ эрозиясының, сортаңдану, батпақтану, су басу, шөлейттену, құрғақтану, тығыздалу, қоқыстану, ластану және жердің тозуын туғызатын басқа да үдерістердің салдарын болғызбау және жою жөніндегі іс-шаралардың уақтылы және сапалы орындалуына;

межелік белгілердің сақталуына;

жергілікті атқарушы орган уақытша жер пайдалануға берген жерлердің уақтылы қайтарылуына;

бүлінген жердің қалпына келтірілуіне;

жердің бүлінуімен байланысты жұмыстар жүргізілген кезде топырақтың құнарлы қабатын сыдырып алуға, сақталуға және пайдалануға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

16) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын немесе пайдаланылмайтын жерлерді анықтау және мемлекет меншігіне қайтару;

17) егер құрылыс, пайдалы қазбалардың орындарын қазу, объектілерді пайдалану, геологиялық барлау және басқа да жұмыстар Қазақстан Республикасының жер заңнамасын, жерді пайдаланудың белгіленген тәртібін бұза отырып жүзеге асырылған болса, сондай-ақ егер жұмыстар сараптамадан өтпеген немесе теріс қорытынды берілген жобалар бойынша жүргізілген жағдайда, оларды тоқтату;

18) Қазақстан Республикасы жер заңнамасының сақталуына бақылауды қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзушылықтарын анықтау мен жою және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау саласында мемлекеттің мүддесін қорғау;

19) Нұр-Сұлтан қаласының шегінде сыртқы (көрнекі) жарнаманың мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілер талаптарының сақталуын бақылау;

20) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған тауарлардың (жұмыстар мен қызметтердің) жарнамасын жасау, тарату, орналастыру және пайдалану кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуын бақылау;

21) әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулының орындалуына бақылауды жүзеге асыру;

22) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасындағы талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

23) құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлеміне, мерзіміне және сапасына сәйкестігі үшін белгіленген мерзімде ақаулардың жойылуын бақылау;

24) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

25) жұмыс берушілер ұсынған ұжымдық шарттардың мониторингін жүзеге асыру;

26) өндірістік жарақаттанудың, кәсіптік аурулардың себептеріне талдау жүргізу және олардың профилактикасы жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

27) өндірістегі жазатайым оқиғаларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тергеп-тексеру;

28) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарға аттестаттау жүргізу;

29) еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғау нормативтерiн жетiлдiру мәселелерi бойынша қызметкерлер мен жұмыс берушiлердiң уәкiлеттi өкiлдерiмен өзара iс-қимыл жасау;

30) қызметкерлердiң, жұмыс берушiлер мен олардың өкiлдерiнiң еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғау мәселелерi жөнiндегi өтiнiштерiн қарау;

31) өндiрiстiк объектiлердiң еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау мониторингiн жүзеге асыру;

32) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға мерзімді есептердi, сондай-ақ еңбекті қорғау мен еңбек қауіпсіздігі жөнiндегi ақпараттық жүйе базасында еңбекті қорғау мен еңбек қауiпсiздiгiнің жай-күйi мониторингiнiң нәтижелерiн ұсыну;

33) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға еңбек қатынастары бойынша қажеттi ақпаратты беру;

34) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес жануарлардан алынатын өнім мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптаманы лицензиялау;

35)  «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар қабылдау, сондай-ақ рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;

36) уәкілетті органмен келісім бойынша Нұр-Сұлтан қаласының аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жоспарын бекіту;

37)  Нұр-Сұлтан қаласының аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жүргізуді ұйымдастыру;

38) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық препараттарды сақтауды, тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыру;

39) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, ауыл шаруашылығы жануарларына бірдейлендіру жүргізу үшін ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды, жануарға арналған ветеринариялық паспортты мемлекеттік сатып алуды және тасымалдауды (жеткізуді) жүзеге асыру;

         40) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордың жүргізілуін ұйымдастыру;

         41) жануарларды күтіп-ұстауға арналған тәлімбақты ұстау және қамтамасыз ету, оның базасында емхана, ветеринариялық іс-шараларды өткізуге және ветеринариялық қызметтерді көрсетуге арналған оқу базасын құру;

         42)    эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізу;

43) эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру;

44) ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларды уәкілетті органға ұсыну;

45) жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы және диагностикасы бойынша ветеринариялық препараттарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;

46) ветеринариялық препараттарды сақтауды және тасымалдауды (жеткізуді), жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасы жөнінде ветеринариялық іс-шаралар жүргізу;

47) уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың энзоотиялық және басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;

48) ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын жүргізу;

49)  ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлеріне қажеттілікті айқындау және процессингтік орталыққа ақпарат беру;

50) процессингтік орталықтан алынған ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерін ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды жеткізушілерге олармен жеткізуге шарттар жасасқанға дейін беруді қамтамасыз ету;

51) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі іс-шаралар жүргізу;

52) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру;

53) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес мал қорымын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;

54)    Нұр-Сұлтан қаласының жергілікті өкілді органына бекіту үшін Жануарларды асырау қағидаларын, Иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу;

55)    мүдделі тұлғаларға өткізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді қамтамасыз ету;

56) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (малды союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдау жөніндегі мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру;

57) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;

58) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;

59)  жануарлар өсiрудi, жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiн, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндiру, сақтау және өткiзу жөнiндегi ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттiк комиссияларға қатысу;

60) профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тiзбесiн бекiту;

61) ауру малдарды санитариялық союды ұйымдастыру;

62) өсімдік шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

63) агенттің, қоғамның қызметін, олардың Қазақстан Республикасының өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;

64) сақтандырушылардың міндетті сақтандыру шарттарын жасасудан бас тартқан және Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы және өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы заңнамасының талаптарын сақтамағаны туралы істерді қарау;

65) өздерінің бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат пен құжаттарды сақтанушыдан, сақтандырушыдан, агенттен және қоғамнан сұрату және алу;

66) өздерiнiң бақылау функцияларын жүзеге асыру үшiн қажетті ақпарат пен құжаттарды сақтанушының, сақтандырушының, агенттің және қоғамның ұсыну нысаны мен мерзiмiн белгiлеу;

67) карантинді объектілердің таралуының есебін жүргізу және уәкілетті орган мен мүдделі тұлғаларға ақпарат беру;

68)  өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау объектілерінде осы объектілердің иелері – жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік басқару органдарының өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізуін ұйымдастыру;

69) тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

70) уәкілетті органның қарауына элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарының элиталық тұқымдарды өндіру мен өткізу көлемі жөнінде ұсыныстар енгізу;

71) тұқым шаруашылығы субъектілеріне және тұқым сапасына сараптама жүргізу жөніндегі зертханаларға уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тиісті куәлік бере отырып, оларды аттестаттауды жүргізу;

72) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;

73) Нұр-Сұлтан қаласы бойынша тұқымдар теңгерімдерін жасау;

74) ауыл шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқым шаруашылығы саласындағы қажетті ақпарат беруді қамтамасыз ету;

75) құзыреті шегінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің сақтық және ауыспалы тұқым қорларын қалыптастыруына жәрдемдесу;

76) бастапқы, элиталық тұқым шаруашылығын жүргізу және ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдарын жаппай көбейту тәсімдері мен әдістері бойынша ұсыныстар енгізу;

77) сұрыптық және тұқымдық бақылауды жүзеге асыру, сұрыптық егiстіктердi байқаудан өткiзуді, жерге егiп бағалауды, зертханалық сұрыптық сынақтарды, тұқым сапасына сараптама жүргізу тәртібінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

78)  тұқымдардың мемлекеттiк ресурстарының саны-сапасы жағынан жай-күйiн бақылауды жүзеге асыру;

79) «Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес анықталатын квоталар шегінде субсидиялауға жататын тұқымдарды өткізудің шекті бағасын белгілеу;

80) субсидиялауға жататын тұқымдардың әрбір түрі бойынша жыл сайынғы квоталарды:

тұқым шаруашылығы саласында аттестатталған әрбір субъект үшін – бірегей тұқымдар бойынша;   

Нұр-Сұлтан қаласы үшін– элиталық тұқымдар бойынша айқындау;

81) субсидияланған бiрегей және элиталық тұқымдардың мақсатты пайдаланылуын бақылау;

82) байқаудан өткiзушiлер мен тұқым сарапшылары кадрларын даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру;

83) ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi тұқымдарының сұрыптық және егістік сапасына сараптама жүргiзу жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

84) тұқым шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспектордың ұсынысы негізінде: субъектiнiң тұқым шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыруға құқығын куәландыратын аттестаттау туралы куәлігінің қолданысын; тұқымдардың сұрыптық және егістік сапаларына сараптама жүргiзу жөніндегі қызметті тоқтата тұру;

85) мыналар: пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау); пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу; пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметті лицензиялау;

86) зиянды организмдермен күрес жөніндегі іс-шараларды жүргізу;

87) қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

88) ветеринария және өсімдіктерді қорғау саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету;

89) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесе отырып, халық денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру және ақпарат алмасуды жүзеге асыру;

90) Нұр-Сұлтан қаласының аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары туындаған жағдайда бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынуы бойынша шектеулі іс-шараларды немесе карантинді белгілеу туралы шешімдер қабылдау;

91) Нұр-Сұлтан қаласының аумағында туындаған жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеулі іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімдер қабылдау;

92) мүдделі тұлғаларға өткізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

93) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерiн «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және осы саладағы басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттiк қолдау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;

94) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбе мен тәртіпке сәйкес зиянды организмдерге қарсы күрес жөніндегі іс-шаралардың жүргізілуін қамтамасыз ету;

95) арнаулы сақтау орындарын (көмбелерді) салу, ұстау және тиісті жай-күйде сақтау;

96)  тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды нөмiрлiк тiркеу белгiлерiн бере отырып тiркеу, қайта тіркеуден өткізуді жүзеге асыру;

97) тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру;

          98) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру;

99) тракторларға және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiне, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдеріне, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың жоқ (бар) екендігі туралы ақпарат ұсыну;

100) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу;

101) «Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүліктік және өзге де заңды құқықтары мен мүдделерін құқықтық құралдармен қорғау;  

102) өтініш берушілердің құжаттарын қабылдау және қарау;

         103) құқықтық мәселелерді қарау кезінде «Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүддесін сотта және өзге де органдарда ұсыну;

104) азаматтарды қабылдауды жүзеге асыру, өз құзыреті шегінде азаматтардың хаттары мен өтініштерін қарау;

105) «Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қалалық ведомоствоаралық комиссиялардың жұмысын үйлестіру;

106) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексерулер жүргізу;

         107) Нұр-Сұлтан қаласында әлеуметтік әріптестікті ұйымдастыру;

         108) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылыс қызметін бақылау;

  109) тыныс-тіршілік, тіршілікті қамтамасыз ету, қауіпсіздік, денсаулық сақтау, білім мәселелері бойынша халықтың мемлекеттік органдармен, коммуналдық кәсіпорындармен, ұйымдармен, басқарушы компаниялармен өзара іс-қимылын ұйымдастыру, оның ішінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау және өңдеу;

  110)  қалалық бейнебақылау жүйесі арқылы Нұр-Сұлтан қаласының орталықтандырылған бейнебақылау жүйесін ұйымдастыру;

  111)  112 бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметімен (қаланың шұғыл жедел қызметтер) өзара іс-қимылды ұйымдастыру;

  112) азаматтардың өтініштерінің қорытындысы бойынша ақпаратты жинауды, өңдеуді және талдауды ұйымдастыру, қаланың жүйелі және резонанстық мәселелерін анықтау және осы ақпарат негізінде оларды шешу жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

          113) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

  1. Құқықтар мен міндеттер:

         1) «Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін өндірістік қызмет мәселелері бойынша жедел шешім қабылдауды қамтамасыз ету үшін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерімен өзара қарым-қатынасқа түсу;

2) меншік нысанына қарамастан,  мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдар мен кәсіпорындардан «Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау үшін қажетті ақпаратқа, құжаттар мен материалдарға сұрау салу және алу;

         3) «Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметінің барлық мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу;

         4) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласы субъектілерінен салынып (реконструкцияланып, кеңейтіліп, жаңғыртылып, күрделі жөнделіп) жатқан объектілер мен кешендер туралы ақпаратқа сұрау салу және алу;

         5) объектілерқұрылысы бойынша құжаттамамен танысу үшін, тапсырыс берушілерден қажетті жобалау және атқарушы құжаттамаларын, сондай-ақ тиісті жобалардың сараптамалық қорытындысын алуға сұрау салу және алу;

         6) салынып (реконструкцияланып, кеңейтіліп, жаңғыртылып, күрделі жөнделіп) жатқан объектілерге кедергісіз кіру және онда жүргізіліп жатқан құрылыс-монтаждау жұмыстарына жедел инспекциялауды жүргізу;

         7) бақылау мен қадағалаудың өзге нысандарын жүзеге асырған кезде объектілерге бару;

8) жол берілген бұзушылықтарды анықтаған кезде «Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функционалдық міндеттеріне сәйкес орындауға міндетті нұсқама шығару;

         9) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасының белгіленген талаптарын, мемлекеттік нормативтік талаптарды, шарттар мен шектеулерді жол берілген бұзушылықтар мен ауытқуларға байланысты бұзушыларға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шараларды қолдану туралы шешімдер қабылдау;

         10) сотта талапкер және жауапкер болу;

         11)  нұсқаманың талаптарын орындамаған жағдайда азаматтық және әкімшілік іс жүргізу тәртібінде: нұсқаманың талабын мәжбүрлеп орындау туралы, нұсқаманың талабын орындағанға дейін қызметін тоқтату және тыйым салу туралы талап қою;

12) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шеңберде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды жасау және істерді қарау;

13) Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзу салдарынан келтірілген шығынды өтеу туралы, өз мақсатында пайдаланылмай не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою туралы, жер учаскелерін беруге, мемлекет мұқтажы үшін алып қоютуралы, сондай-ақ жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдарының анықталған Қазақстан Республикасы жер заңнамасын бұзушылықтарды жою жөнінде берген нұсқамаларын осы нұсқама берілген тұлғалар нұсқамада көрсетілген мерзімде орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда оларды орындау туралы және жеке, лауазымды және заңды тұлғалардан айыппұл өндіріп алу туралы істер бойынша сотқа талап-арыз дайындау және беру;

14) қызметтiк куәлiгiн көрсеткен жағдайда, ұйымдарға, құрылыс объектілеріне кедергiсiз кіру, меншік иелері мен жер пайдаланушылардың меншiгіндегi және пайдалануындағы жер учаскелерін тексеру, ал әскери, қорғаныс және басқа да арнаулы объектілер алып жатқан жер учаскелерін оларға кiрудiң белгіленген режимін ескере отырып, тексеру;

15) жерге құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары болмаған жағдайда тұрғын үй және өндiрiстiк объектiлердiң салынуын тоқтата тұру;

16) құқықтарды және Қазақстан Республикасының заңнамасымен қорғалатын жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін сақтау;

17) жұмыс берушілермен орындау үшін міндетті нұсқамалар, қорытындылар беру, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар мен қаулы жасау, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік жазалар қолдану;

18) ұйымдардың, жекелеген өндірістердің, цехтардың, учаскелердің, жұмыс орындарының қызметі және жабдықтардың, тетіктердің пайдаланылуы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сай келмейтіні анықталған жағдайда, оларды үш күннен аспайтын мерзімге, көрсетілген мерзім ішінде міндетті түрде сотқа талап-арыз бере отырып, тоқтата тұру (тыйым салу);

19) жұмыс орындарында белгіленген талаптарға сай келмейтін арнаулы киімнің, аяқ киімнің және басқа да жеке және ұжымдық қорғану құралдарының берілуі мен пайдаланылуына тыйым салу;

20) жұмыс берушіге (оның өкіліне) хабарлай отырып және тиісті акт жасау арқылы арнаулы киім үлгілерін, пайдаланылатын немесе өңделетін материалдар мен заттарды талдау жасау үшін алу;

21) өндірістегі жазатайым оқиғаларды белгіленген тәртіппен тергеп-тексеру;

22) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқудан, нұсқау беруден, білімін тексеруден өтпеген қызметкерлерді жұмыстан шеттету үшін жұмыс берушілер орындауға міндетті нұсқамалар беру;

23) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі білімді тексеруге қатысу;

24)  шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру кезінде белгіленетін айрықша талаптардың орындалуына тексеру жүргізу;

25) жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ішкі бақылау жүргізуінің толықтығы мен дәйектілігін бақылауды жүзеге асыру;

26) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану мәселелері бойынша түсіндіру жұмысын жүргізу;

27) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу, мемлекеттік еңбек инспекторларының актілерін жұмыс берушілердің орындамауы фактілері бойынша тиісті құқық қорғау органдарына және соттарға ақпарат, талап қою және өзге де материалдарды жіберу;

28) Қазақстан Республикасының еңбек қатынастары саласындағызаңнама талаптарын сақталуына белгіленген тәртіпте және өз құзыреті шегінде тексерулер жүргізу және өзге де нысандағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

29)  Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын тексеруді уақтылы және сапалы жүргізу;

30) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының анықталған бұзушылықтарын жою жөніндегі шараларды қабылдау мақсатында осындай бұзушылықтар туралы жұмыс берушілерді (олардың өкілдерін) хабардар ету, кінәлі адамдарды жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізу;

31) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану мәселелері бойынша қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өтініштерін уақтылы қарау;

32)  Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының бұзылуына әкеп соғатын себептер мен мән-жайларды анықтау, оларды жою және бұзылған еңбек құқықтарын қалпына келтіру жөнінде ұсынымдар беру;

33) өндірістегі жазатайым оқиғаларды және кәсіптік ауруларды тексеруге қатысу;

34) мемлекеттік құпияны, еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім болған қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеу;

35) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы бақылауды жүзеге асыру кезінде азаматтармен және қызметкерлердің өкілдерімен өзара іс-қимыл жасасу;

36) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

 

  1. «Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

 

  1. «Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінде басшылықты «Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
  2. «Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысын Нұр-Сұлтан қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
  3. «Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасары (орынбасарлары) болады.
  4. «Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемебасшысының өкілеттігі:

         1) «Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінде құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды,  жауапкершілік дәрежесін белгілейді;

         2) «Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

         3) «Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жазалар қолданады;

         4) «Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды және дербес жауапкершілік алады;

         5) өз құзыреті шегінде «Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтарды шығарады;

         6) «Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесініңқұзыретіне кіретін мәселелер бойынша құқықтық актілер мен басқа да құжаттардың әзірленуін  бақылайды;

         7) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуына бақылауды жүзеге асырады, оны бұзу фактілерін қарайды және өз құзыреті шегінде олар бойынша шешімдер қабылдайды;

         8)  өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдар мен ұйымдарда «Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесін ұсынады;

         9) әкімші «Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып табылатын төлемдер мен міндеттемелер бойынша бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) қаржыландыру жоспарын бекітеді;

         10) «Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бөлімдері туралы ережені және қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді.

11) «Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапты болады;

12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

  1. «Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
  2. «Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз орынбасарларының өкілеттіктерін айқындайды.

 

  1. «Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі

 

  1. «Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
  2. «Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесініңмүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
  3. «Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бекітіліп берілген мүлік Нұр-Сұлтан қаласының коммуналдық меншігіне жатады.
  4. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгеше көзделмесе «Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті, өзбетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

                                                                        

  1. «Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. «Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

«Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі: 

1) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Астана ветсервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

2) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

 

_________________________