ГУ «Управление контроля и качества городской среды города Нур-Султан» Официальный сайт
Версия для слабовидящих
Контакты:
8 (7172) 55-75-26

«Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 215 н/қ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 32-бабына, «Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 195 бұйрығына, «Нұр-Сұлтан   қаласының   2020-2022   жылдарға   арналған   бюджеті туралы»   Нұр-Сұлтан   қаласы   мәслихатының   2020   жылғы   11   желтоқсандағы №553/77-VI   шешіміне   өзгерістер   енгізу   туралы»   Нұр-Сұлтан   қаласы мәслихатының   2021   жылғы   10   наурыздағы   №11/2-VII шешіміне                 сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1.       «Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 215 н/қ бұйрығына келесі өзгерістер енгізілсін:

1, 2, 3, 4, 6, 8 - қосымшалары осы бұйрықтың 1, 2, 3, 4, 5, 6 – қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2.       Енгізілген өзгерістер бекітілсін.

3.       Бюджеттік бағдарламалардың 3 күнтізбелік күн ішінде Басқарманың веб-сайтында, сондай-ақ «Электронды Үкіметтің» веб-порталында орналастыруы қамтамасыз етілсін.

4.       Осы бұйрықтың орындалуын бақылау өзімне қалдырамын.

5.       Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

        

Басшы                                                                                    Д. Доскулов

 

«Келісілді»

«Нұр-Сұлтан қаласының Экономика және

бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ басшысы

____________ Қ.З. Маңқараев

(қолы, аты-жөні)

2021 жылғы «___» _______

М. О.

 


Возврат к списку