«Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық
орта сапасы және бақылау басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің 2020-2022 жылдарға
арналған бюджеттік бағдарламаларын бекіту
туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 301 н/қ
бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 32-бабына, «Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 195 бұйрығына, «Нұр-Сұлтан қаласының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы» Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2019 жылғы 12 желтоқсандағы №456/58-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2020 жылғы 29 мамырдағы №492/65-VI шешіміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Басқарма) 2020-2022 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын бекіту туралы» (бұдан әрі – Бюджеттік бағдарламалар) 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 301 н/қ бұйрығына келесі өзгерістер енгізілсін:
3 - қосымша осы бұйрықтың 1 - қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Енгізілген өзгерістер бекітілсін.
3. Бюджеттік бағдарламалардың 3 күнтізбелік күн ішінде Басқарманың веб-сайтында, сондай-ақ «Электронды Үкіметтің» веб-порталында орналастыруы қамтамасыз етілсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Басқарма басшысының орынбасары Д.Б. Доскуловқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қосымша 1
«Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы»
мемлекеттік мекемесі басшысының 2020 жылғы "___" _________ № ____
бұйрығымен бекітілген
Қосымша 3
__________ бұйрыққа
____________ 20____ жылғы
БЮДЖЕТТІК БАҒДАРЛАМА
3370001 «Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» ММ
2020 – 2022 жылдарға арналған
Бюджеттiк бағдарламаның коды және атауы 005 «Халықтың тыныс-тіршілігін және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, коммуналдық кәсіпорындармен және ұйымдармен халықтың өзара іс-қимылын ұйымдастыру жөніндегі қызметтер»
Бюджеттiк бағдарламаның басшысы: Д. Доскулов – «Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары
Бюджеттiк бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Бюджеттік кодексі;
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі № 296-III «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Заңы;
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі 242-ІІ Заңы;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы №540 «Бюджетті орындау және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы;
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» №148 Заңы;
«Нұр-Сұлтан қаласының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы» Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2019 жылғы 12 желтоқсандағы № 456/58-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2020 жылғы 29 мамырдағы № 492/65-VI шешімі.
Бюджеттiк бағдарламаның түрі:
мемлекеттік басқару деңгейіне қарай: облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың
мазмұнына қарай: Мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыру және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету
іске асыру түріне қарай Жеке
ағымдағы/даму Ағымдағы
Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты тыныс-тіршілік және тіршілікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша тұрғындармен өзара іс-қимылды ұйымдастыру, бейнебақылау арқылы тіршілікті қамтамасыз етуге және тыныс-тіршілікке мониторинг жүргізу
Бюджеттiк бағдарламаның түпкілікті нәтижелері Халықтың тыныс-тіршілігін және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, коммуналдық кәсіпорындармен және ұйымдармен халықтың өзара іс-қимылын ұйымдастыру жөніндегі қызметтер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтінімдерін 100% орындау.
Бюджеттiк бағдарламаның сипаттамасы (негіздемесі): халықтың тыныс-тіршілігін және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, коммуналдық кәсіпорындармен және ұйымдармен халықтың өзара іс-қимылын ұйымдастыру жөніндегі қызметтер бағдарламасын жергілікті бюджет есебінен іске асыру
Бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар, барлығы |
||||||
Тікелей нәтиже көрсеткіштері |
Өлшем бірлігі |
Есепті жыл 2018 жыл |
Ағымдағы жыл жоспары 2019 жыл |
Жоспарлы кезең |
||
2020 жыл |
2021 жыл |
2022 жыл |
||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
Өтініштерді қабылдау және орындалуына мониторинг жасау бойынша көрсетілетін қызметтердің жалпы саны |
қызмет |
10 |
11 |
11 |
11 |
11 |
Жергілікті бюджет қаражатынан |
мың теңге |
810 748,0 |
1 097 611,0 |
1 397 059,0 |
1341676,0 |
1341676,0 |
Жалпы бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар |
мың теңге |
810 748,0 |
1 097 611,0 |
1 397 059,0 |
1341676,0 |
1341676,0 |