ГУ «Управление контроля и качества городской среды города Нур-Султан» Официальный сайт
Версия для слабовидящих
Контакты:
8 (7172) 55-75-26, 55 75 39

«Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2020-2022 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын бекіту туралы

    Қазақстан Республикасы  2008 жылғы 4 желтоқсандағы  Бюджет кодексінің  32-бабына, «Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің  2014 жылғы 30 желтоқсандағы №195 бұйрығына және «Нұр-Сұлтан қаласының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы» Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының 2019 жылғы 12  желтоқсандағы №456/58-VI шешіміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:  
1.    «Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау  басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Басқарма) 2020-2022 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалары 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
2.    Бюджеттік бағдарламаларды Басқарма веб-сайтында 3 күнтізбелік күн ішінде орналастыру қамтамасыз етілсін.
3.    Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау  басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысының орынбасары Д. Б. Доскуловқа жүктелсін.
4.    Бұл бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Возврат к списку